Әл-Фараби даңғылы-Қостанай қаласының орталық бөлігінде орналасқан, жалпы ұзындығы шамамен 3,5 км болатын даңғыл. Ұлы энциклопедиялық ғалым, көрнекті ойшыл және философ Әл-Фарабидің есімімен аталады
Неліктен біз осы даңғыл жайында жазуды жөн көрдік. Себебі, 28 маусым журналистер күні. Ал осы даңғылда қаламыздың көптеген бұқаралық ақпарат құрадарының редакциялары орналасқан. Мысалы, біздің редакция, “Қостанай таңы”, “Костанайские новости” газеттерінің редакциялары, “Алау”, “Қостанай” телеарналарының ғимараттары да осы даңғыл бойында.
Әл-Фараби даңғылы Шағала жағалауының жанындағы Қызыл темір ұстасы көшесінің қиылысынан басталып, Перрон көшесініңқиылысымен аяқталады. Сондай-ақ, Темірбаев, Майлин, Урицкий, Бородин, Шаяхметов, Чехов, Баймағамбетов, Байтұрсынов, Алтынсарин, Қайырбеков, Сианов, Набережная және Абай даңғылдарымен қиылысады. Тәуелсіздік және Толстой көшелерімен қатар жүреді. Бұл асфальтталған төрт жолақты, екі жақты және бір жүріс бөлігі бар жол.
Біз көшені аралап жүрген уақытта, жағалаудың қасында екі жас тойға арналған суреттер түсіріп жатыр екен. Жалпы бұл қала тұрғындары үшін ерекше атмосфера сыйлайтын жер деп айта аламыз.
Тақ жағындағы үйлердің нөмірленуі 5-ші үйден басталады және 145-ші үймен аяқталады, ал келесі жағы 6-шы үйден 162-ші үйге дейін. Қоғамдық маңызы бар ғимараттарға учаскелік полиция пункті, теміржол учаскелік полиция пункті, ЖЭО, Қазтұтынуодағы Қостанай экономикалық колледжі, балабақша, Қостанай облысының әкімдігі, Қостанай колледжі және почта кіреді. Көрнекті орындарға Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы, Ы. Алтынсарин мен А.Пародовичтің алаңдары, көпес Бакиров пен Козелл-Поклиевскийдің үйлері, орталық саябақ кіреді. Құрылыс аралас-көп қабатты және бір қабатты үйлер бар.
Көшенің дәл ортасы бұл “қостанайлық арбат” деп те аталатын жер. Ғашық жандар, отбасылар, үлкен кісілер, балалар осы жерде демалалып, серуендейді. Бұл жермен жүрмеген қала тұрғыны жоқ шығар. Жаздың кешкі уақытында музыканттар ән айтып, жастар шағын концерт ұйымдастырады. Мереке, не қандай да бір іс-шара көбінесе осы алаңда өтеді. Қыста қаламыздың бас шыршасы да орнатылады, жазда қала күні де осы жерде тойланады.
Даңғыл бойымен қоғамдық көліктің автобус маршруттары салынған. Теміржол вокзалы Перрон көшесіндегі даңғылдың соңында орналасқан. Даңғылдың ұзындығы оңтүстіктен солтүстікке қарай 2,267 шақырым, батыстан шығысқа қарай оңтүстігінде 2,926 км- ден солтүстігінде 2,924 км-ге дейін.
Біз ақпаратты кітапханадан да сұрастырып көрдік, жазбаларда жиналған ақпараттарды да талдадық.
– 1981 жылы Ленин даңғылында бас почта салынған, оның негізі гранит плиталарымен қапталған. Пошта бөлімшесінің оң жағында қала орталығы арқылы қала мен көшенің көршілес архитектуралық безендірілуін көруге болады. Қаланың және оның басты көшесінің революциялық өткені туралы әңгімені жалғастыра отырып, халық үйін, яғни қазіргі облыстық мұражайдың 2 қабатты ғимаратын еске алу керек, онда 1907 жылдың қазан айында қала тұрғындарының жалпы қалалық митингісі өтті. Қазіргі мұражай ғимаратында 1917 жылы совдеп, 1919 жылы большевиктер партиясының бекінісі орналасқан, – деген жазбаны тауып алдық.
1924 жылы В..И.Ленин қайтыс болғаннан кейін қалалық Кеңестің шешімімен Советскаяның басты қалалық көшесі Лениннің есімімен атала бастады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленин көшесі көп нәрсені көрді. «Балалар әлемі» әмбебап дүкенінің және Ленин мен Куйбышев көшесіндегі 9 қабатты тұрғын үйдің орнында 1941 жылы Херсон қаласынан эвакуацияланған «Большевичка» тігін фабрикасының ғимараттары орналасқан бір қабатты үйлер мен қызыл кірпіштен салынған 2 қабатты ғимарат тұрды. Фабриканың заманауи ғимараттары Ленин көшесінде 1972 жылы ғана пайда болды. Бұрын ол жер бос алаң болған екен.
Өнеркәсіптік ландшафт, оны тек 1941 жылдың аяғында сына эвакуацияланған химиялық талшық зауыты салған. 1975 жылға қарай Ленин көшесінде 9 қабатты үйлер пайда болды, қаланың орталық бөлігіндегі скверді қайта құру жұмыстары аяқталды. Теміржол вокзалының заманауи ғимараты соңғы нүктеге айналған вокзал маңындағы алаң өзінің келбетін өзгертті. Айтпақшы, сол 1975 жылы 12 ақпанда қалалық кеңес атқару комитетінің шешімімен Ленин көшесі Ленин даңғылы болып өзгертілді. Соңында, 25 жылдан кейін, яғни 2000 жылы Ленин даңғылы Әл-Фараби даңғылы деп аталды.
Жалпы тұрғындар көрнекті ойшыл және философ Әл-Фараби жайында көп біледі екен. Көше бойында өткен адамдардың бірінен сұрмасақ та барлығы ол кісі жайында шағын болсын ақпарат айтып берді. Бұл әрине қуантарлық жайт. Өйткені алдыңғы айтылған көшелер жайында білмеген адамдар болған еді.
Аяжан СЕРІК,
суреттерді түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77