Біздің Қостанай ЖКХ

Тұңғыш президент есімі берілген даңғыл

Көше атауы 2019 жылы ауыстырылды

“Қала көшелері” жобасының кезекті шығарылымы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы жайында болмақ. Тұңғыш президентіміздің туған күнімен қатар, 6 шілде Астана күні – мемлекеттік мереке. Әлемдегі үздік 30 қаланың тізіміне енген Астананың өзіндік тарихы бар. Даңғылдың ұзындығы оңтүстіктен солтүстікке қарай 3,535 шақырым, батыстан шығысқа қарай оңтүстігінде 3,953 км-ден солтүстігінде 3,950 км-ге дейін.

Бұрын бұл көше Юрий Гагарин есімімен аталған еді. Алайда, президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы бірінші барлық қалаларда көшелерге бірінші президенттің есімі берілу керек екендігін айтқан еді. Көшелерді көшіру рәсімі 3 миллион теңгені құрады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында хабарлады. Сөйтіп, Гагарин көшесінің атауы 2019 жылы өзгертілді.

– 16 шілдеде Қостанай қаласының әкімдігі мен мәслихаты Гагарин көшесін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, ал Гвардейская көшесін Гагарин көшесіне қайта атау бойынша жұмыс жүргізді. 29 шілдеде қалалық мәслихаттың тұрақты депутаттық комиссияларының жария тыңдау нысанында бірлескен отырыстары ұйымдастырылып, өткізілді, оған 250-ден астам адам қатысты. 9 тамызда облыс әкімдігінің көше атауын өзгерту туралы ұсынысы Республикалық ономастика комиссиясының отырысында қаралып, қолдау тапты, – деп атап өтті сол кезде Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекинова.

Мұндай шешімді облыстық мәслихат депутаттары да қолдады, содан бұл шешім әділет департаментінде тіркеліп, ресми түрде өзгертілді. Барлық қаражат, яғни 3 миллион теңгеден астам ақша демеушілердің көмегімен тартылды.

Бұл даңғыл қала орталығын екінші Қостанай шағын ауданымен байланыстырып, қалалық инфрақұрылымда маңызды рөл атқарады. Екінші Қостанай жеке қаланы еске түсіреді, мұнда барлығы енді салынған және бой түзеп жатқан ғимараттар көп. Жаңа ғимараттар, дүкендер, кеңселер мен саябақтар қаланың бұл бөлігін өмір мен жұмыс үшін тартымды етеді. Инфрақұрылымның белсенді құрылысы мен дамуы мұнда көптеген адамдарды тартады, бұл динамикалық және заманауи ауданның атмосферасын құрайды.

Әдеттегідей, даңғыл бойында жүріп, шағын сұрақ-жауап та болды.

Әрине, елбасын білмейтін адам жоқ. Үлкені, кішісі барлығы ол кісі жайында шағында болсын ақпарат біледі. Сонымен қатар тұрғындармен де сөлесіп көрдік.

– Бұл шағын аудан қателеспесем шамамен 7-8 жыл бұрын қарқынды салынған шығар. Өйткені өзім осында 5 жылдай тұрамын. Басқа қаладан келген туыстарым бұл жер мүлдем басқа қала сияқты дейді. Өзімізге де ұнайды, тыныш, әдемі, түнде жарқырап жанып тұрады. Сонымен қатар, балаларға арналған мектеп те қасымызда. Жақын арада аурухана, балабақша да салынады, – дейді Ақтоты Жұмағалиева.

Назарбаев даңғылы бойында облыс бойынша ең үлкен “Kostanay Plaza” сауда ойын-сауық орталығы орналасқан. Қостанайлықтардың көп жүретін жері деп те айта аламыз. Оған қоса осы жерде Қазақстан Республикасының аумағында ауданы 18 мың шаршы метрден асатын жалғыз «Therma Park»бірегей сауықтыру кешені де орналасқан.

Айта кететін ғимараттардың бірі, бұл – IQostanay Қостанай да оқушыларға арналған смарт-орталық. 2022 жылдың күзінде салына бастады. Бұл үш қабатты ғимарат және 12 мың шаршы метрден астам жерді алады, робототехника және бағдарламалау кабинеттерін, киберспорт залын, ландшафты дизайн студиясын және көптеген зертханаларды оқушыларға арнап салған.

Жалпы, бұл даңғылдың болашағы алда дейді тұрғындар. Көшіп келіп жатқан жандардың саны да аз емес. Қала орталығынан қатты алыс та емес, барлығы жақын орналасқан, қоғамдық көліктер бойынша да проблема жоқ.

Бұл даңғыл бойынша әкімдіктің басты мәселесі, адамдардың жаяу жүргінші жолы арқылы немесе мост арқылы өтпеуінде. Барлығы жолды кесіп өте салады. Ол жерге тіпті қоршауда орнатылған, оны аттап өтіп кететін адамдар өте көп.

Аяжан СЕРІК,
суреттерді түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77