Біздің Қостанай Социум

Қала күніне орай облыс орталығында қылқалам шеберлерінің көрмесі өтті

Қала күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар тізгін алды

Бүгін қаланың төрінде балалар суреттерінің көрмесі, сондай-ақ ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. «А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі» КМҚК қала күніне орай шәкірттерінің еңбектерін ұсынып, қала тұрғындарын тәнті етті.

Балалар өнері мен шығармашылығы көрмесі қатысушыларды өнер мен мәдениеттің жаңа әдістерін меңгеруге баулиды. Бұл ортақ құштарлық және ынтаны біріктіретін таңғажайып мереке. Жас суретшілер өздерінің шығармашылық жұмыстарында патриоттық сезімдерін қылқалам арқылы бейнеледі.

– Бүгінгі көрме қала күніне орай өтуде. Біздің осы жылғы түлектеріміздің дипломдық жұмыстары ұсынылып отыр. Тақырып қаланың 145 жылдығына және жалпы патриотизмге арналған. Іс-шараға көркемсурет мектебінің барлық тәлімгерлері мен 200-ге жуық шәкірттеріміз өз өнерлерін көрсетіп атсалысуда. Біз жыл сайын қалалық іс-шараларға белсенді қатысып, шәкірттеріміздің еңбектерін көрсетуге тырысамыз, – дейді «А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің» директоры Наталья Никитина.

Шығармашылық ұжым мен өнерпаздар концерттік бағдарламамен өнер көрсетіп, жарқын көңіл-күй сыйлады. Бүгінгі жайма-шуақ күнде ән мен би шашуы балалардың көңілдерін жадырата түсті. Алаңда балалар мен ата-аналар әр ойындарға белсене қатысып,тәтті сыйлыққа ие болды.

– Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Балаларға арналған түрлі ойындар мен қызықты бағдарламалар өткізіліп келеді. Барлығы үлкен ынтамен қатысып, белсенділік танытуда, – дейді қала тұрғыны Шәрбану Шүгенова.

Көп жүзді мерекелер мен атаулы күндер қатарында бұл күн барлық қала тұрғыны үшін ерекше. Қаланың әсемдігін, тыныс-тіршілігін, уақыт ағымын, тарихи өткен кезеңдерін өміріндегі түбірлі өзгерістерді көз алдымызға бейнелеу өнерінің шеберлері сөзсіз баяндап, жеткізе білді.

– Шәкірттеріміздің еңбегі, біздің жемісіміз. Біз ұсынып отырған көрмеде ең мықты деген суреттер іріктелінген. Мектебімізге келген әр шәкірт қызығушылық танытып, жұмыстарын жоғары деңгейде орындауға тырысады, – деп атап өтті «А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің» тәлімгері Оксана Тренина.

Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА, фото түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77