Тамыз айының аяқталу шағында көкөніс жиналып, қыс айына қамдану бастау алуда
Өңірде көкөніс бағасының өсуі байқалады. Оның құны қанша теңгені құрайтының білу үшін базар, дүкен, супермаркеттерді аралап пайымдап қайтқан едік.
Ең алдымен «Солнечный» супермаркетін аралап, бағасын білдік. Мұнда, кәдінің келісі – 220, қызылшаның келісі – 185, жуаның келісі – 154 теңгені құрайды. Сондай-ақ, қаламызда Тәуелсіздік, 135 мекен-жайы бойынша орналасқан «Small» супермаркетіндегі көкөніс бағасы келесідей. Кәдінің келісі – 419 теңге, орамжапырақтың келісі – 139 теңге, асқабақ – 295, ал қызылша – 219 теңгеден сатылып жатыр.
– Қазіргі кезде көкөністерге деген сұраныс артуда. Сондықтан да бағасы біршама өсті. Ал оның ішіндегі картоп, жуа және сәбіздің бағасы керісінше төмендеді. Ендігі күз айы басталар алдында тұрғындар көкөністерді алу үшін жиі келеді, – деп атап өтті сатушылардың бірі Аяр Дәлденов.
Орталық базардағы сауда нүктелерінде сатылымға түсетін көкөніс, жергілікті дүкен мен супермаркет бағасынан қымбаттырақ. Мәселен қияр мен қызанақтың құны орталық базарда 500-700 теңгені құраса, дүкен мен супермаркеттерде 400-600 теңге аралығында. Тұрғындар жиі баратын қаламыздағы Март сауда орталығының «Small» супермаркетіндегі көкөніс бағасы. Картоптың келісі – 208 теңге, орамжапырақтың келісі – 133 теңге, асқабақтың келісі – 295 теңгені құрайды.
Сауда орталығының атауы | Өнім атауы | Бір келінің құны |
Орталық базар | Қияр | 700 теңге |
Қызанақ
|
500 теңге | |
«Small» супермаркеті | Қияр | 599 теңге |
Қызанақ | 509 теңге | |
Сәбіз | 277 теңге | |
Бұрыш | 365 теңге | |
Қызылша
|
219 теңге | |
«Садовод» дүкені | Қияр | 600 теңге |
Қызанақ
|
650 теңге | |
«Солнечный» супермаркеті | Қияр | 605 теңге |
Қызанақ | 435 теңге | |
Сәбіз | 222 теңге | |
Бұрыш
|
975 теңге | |
Март сауда орталығының «Small» супермаркеті | Қияр | 599 теңге |
Қызанақ | 475 теңге | |
Бұрыш | 365 теңге | |
Сәбіз | 232 теңге | |
Қызылша
|
219 теңге | |
«Плюс» дүкені | Қияр | 770 теңге |
Қызанақ | 470 теңге | |
Сәбіз | 240 теңге | |
Бұрыш | 590 теңге |
Құрметті оқырман біз ұсынған бағадан, қай жерде сауда жасау керектігін тұжырымдай берсеңіз болады.
Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА,
суреттерді түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77