Негізгі мәселелердің бірі – студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету.
Биыл облыс орталығында 4 студенттер үйі пайдалануға берілді. Мемлекет жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарының басшылығына күрделі міндет қойды. Барлық келген студенттер грантта оқитынына немесе оқымағанына қарамастан, тұратын орынмен қамтамасыз етілуі тиіс. Айта кету керек, орындарды алуға алдымен жетімдерге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға басты көңіл аударылады. Бірақ бұл тәсілдің өзінде биылғы жылдың басты міндеті – ешкімді көшеде қалдырмау.
Марлен Шаяхмет Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің екінші курсында оқиды. Студенттің қалаға келгендегі уайымы тұратын жердің болмауы. Жаңа жатақхананың хабарландыруын көріп, ойланбастан өтінім берген.
Студенттердің жатақханада жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайлар жасалғанын, соның ішінде жайлы бөлмелер, жаңа төсек-орын, жиһаз, жаңа кір жуғыш машиналар мен мұздатқыштар, сондай-ақ интернетке тәулік бойы қол жеткізу.
Бүгінгі таңда оқуға түсушілер ыңғайлы болу үшін жатақханаға орналасуға өтінімдер білім алушыларға қызмет көрсету орталығы және Platonus жүйесі арқылы онлайн ресімделеді.
– Жатақхана туралы жақында білдім. Ол жайында сұрастырып, өтінім арқылы осында келдім. Уақытша осында тіркеп қойды. Тұру үшін жақсы жағдайлар жасалған, әрі бәрі жаңа. Келген студенттерге ұнайды деген ойдамын, – дейді студент.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы бұрынғы ҚМПИ аумағында бірден 300-ден аса орын бар үш қабатты төрт жатақхана салына бастады. Бірақ мердігермен жоғарғы оқу орны арасында қарым-қатынас орнаған жоқ. 2022 жылы «Статус Трейд» ЖШС-мен жаңа шарт жасалды. Содан кейін көктемде қайта жұмыс жалғасқан еді. Алайда, күзде Әулиекөлде болған өрттен кейін компания үй салу үшін ауданға кетіп, мерзімдер қайтадан өзгерді. Соған қарамастан, сол кезде де мердігердің нысанды тапсыру 2023 жылдың соңына дейін жоспарланғанын айтты. Міне, осы құрылыс жұмыстары жазда аяқталып, студенттер орналасып жатыр.
Жатақхана 4 ғимараттан тұрады, ол 324 адамға есептелген, кең ғимарат барлық талаптарға сай.
– Жұмыстың бәрі аяқталуына шақ қалды. Айналаны абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы жерде арнайы штаб бар. Егер қандайда бір олқылықтар орын алса, бірден реттеуге тырысамыз, – дейді құрылыс компаниясының өкілі Дулат Бірімжанов.
Жатақханадан орын алу үшін электронды өтінімді толтыру қажет. Ол университет сайтында қолжетімді. Бұл жерге еліміздің басқа облыстарынан келген студенттер де орналаса алады. Шалғай ауданнан келгендер тізімнің басында тұр. Онымен қатар бірінші курс студенттері де бірінші болып орналаса алады.
– Бұл жерде бірінші курс қана емес, жоғарғы курс студенттері де тұра алады. Университеттің бас ғимараты мен педагогикалық институт студенттеріне арналған. Үш түрлі бөлме бар, бірі пәтерге ұқсас, үш адамдық және екі адамдық орындар. Бағасы 25, 30, 35 мың теңгені құрайды, – дейді университет өкілі Диана Рақпанова.
Егер сіз оқуға түсу кезінде тұрғын үй мәселесіне тап болсаңыз, онда университеттің арнайы орталығына қоңырау шалыңыз. Телефондарды университеттің әлеуметтік желілердегі беттерінен таба аласыз. Онда сізге міндетті түрде көмектеседі.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77