ЖКХ

Тозығы жеткен ауланы келесі жылы жөндейді

Оқырмандардың сұрағына жауап алдық

Біздің редакцияға Қобыланды батыр даңғылы, 30-шы үйдің тұрғындары шағымданды. Олар өз аулаларындағы жолдың әлі күнге дейін жөнделмей жатқанын айтып, бұған дейін ПИК (ПКСК) пен «Айкөмек» орталығына бірнеше рет жүгінген. Олардың көңілін түсіретін жайт — көршілес аулалардағы жолдардың біраз уақыт бұрын жөнделіп қойғаны.

Тұрғындардың айтуынша, ауланың жолы қатты тозған.

– Жүріп-тұру да, көлікпен жүру де мүмкін емес, – дейді олар.

Бұл сұрақ бойынша бізгез тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы өкілдері бұл мәселенің 2025 жылға жоспарланғанын және жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүріп жатқанын хабарлаған.

Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған тұрғындар


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77