Ақшаңызды бөліспес бұрын, оны кімге және қандай мақсатта беріп жатқаныңызды мұқият ойланыңыз. Егер сіз өз қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда төмендегі белгілердің барлығын немесе бірнешеуін байқасаңыз, онда сізді қаржы пирамидасына тартуға тырысуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Естеріңізге сала кетейік, қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабында үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Сонымен қатар, қаржы (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалағаны, таратқаны немесе орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 150-бабы бойынша 150-ден 600 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
Соңғы жылдары QUASAR, Chi Tai Anti aging, Chia Tai Tianqing Pharmaceutical Group, Q-net, In cruises, QazHome, Hermes management LTD” холдингтік компаниясының құрамына кіретін “life is good” Ltd, ПК «Best way», Sincere Systems, ЖК-TAU KZ, LUXURY сайттарына байланысты қаржы пирамидасы бойынша сот жүрді.
Қаржы пирамидаларының белгілері БАҚ-та, интернет-ресурстарда, соның ішінде әлеуметтік желілерде жоғары табыс пен пассивті кіріс уәдесімен белсенді жарнама. Компания клиенттерден жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан жоғары бағамен сатып алуды ұсынады (үш айдан бастап бөліп төлеу немесе төмен пайыздық мөлшерлемемен), немесе клиенттерге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуды ұсынады (міндетті аванстық төлеммен). Белгілі бір сомаға тауарды/қызметті сатып алу және қосымша бірнеше адамды тарту (бұл ретте бөлшек сауда жоқ) міндетті шарт ретінде ұсынылады. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) лицензиясының/есептік тіркеуінің болмауы, бұл банк қызметтерін (депозиттерді тарту, несие беру, аударымдар және төлемдер жасау және т.б.), бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерді, сақтандыру, микрокредит беру, коллекторлық қызметтерді жүзеге асыруға қатысты.
– Ел аумағында қаржы пирамидаларының таралуы экономикалық және әлеуметтік-қоғамдық қауіптің артуына әкеп соғады. Олардың қызметі тұрақсыздандыратын әлеуметтік факторлар санатына жатады, өйткені бұл біздің азаматтарымыздың қаржылық жағдайына нұқсан келтіреді. ҚМҚ-ға жедел ден қою шараларын қабылдау мақсатында “қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл”жобасы іске асырылуда. Жобаның KPI ретінде бірнеше негізгі тармақтар анықталды: қаржы пирамидаларының өмірлік циклінің төмендеуі және салымшылар санының азаюы, – делінген ҚР қаржы мотиторинг сайтында.
Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында агенттік жосықсыз қызмет белгілері бар тұлғалар бойынша ақпаратты тұрақты түрде жаңартады. Оның ішінде, агенттікке ҚР азаматтарынан түскен шағымдар бар.
Сондай-ақ, егер қаржы нарығында заңсыз қызметке күдік болса, сіз ҚНРДА-ға жүгіне аласыз. Қаржы реттеушісіне «FingramotaOnline» мобильді қосымшасының «қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық» бөлімі арқылы немесе call-орталықтың қысқа нөмірі 1459 (жұмыс күндері 9.00-ден 17.00-ге дейін) арқылы хабарласуға болады. Қаржылық алаяқтықтың қазіргі заманғы схемалары мен қаржы пирамидаларының түрлері туралы ақпаратты қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі www.fingramota.kz. интернет-порталдың «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінде оқуға болады.
Аяжан СЕРІК,
сурет ашық ақпарат қөзінен
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77