Бүгін қаламыздағы қуыршақ театры өзінің жаңа маусымын ашты. Көрермендерді тағы бір рет қиял мен шындықтың нәзік тоғысында қарсы алды. Бұл маусымда қуыршақтар қайтадан жан бітіп, сахнаның шағын алаңында ұлы ертегілер мен заманауи әңгімелердің кейіпкерлеріне айналады.
Қуыршақ театры – балалық шақтың сиқырлы әлеміне терең бойлайтын өнердің ерекше түрі. Әрбір қойылым – жанды өнер, жіпсіз байланысқан қуыршақтар арқылы айтылған оқиға. Олар үнсіз сөйлейді, бірақ көрерменнің жүрегіне терең әсер ете алады. Әр қуыршақтың қозғалысы, қимылы арқылы режиссерлер мен әртістер балаларды ғана емес, ересектерді де ойлануға, сезімге бөленуге шақырады.
Жас көрерменнің көз қуанышына айналған қуыршақ театры 39-шы маусымын бастады. Жаңа маусым көрнекті режиссер Юлия Семенованың “Рыжий плут” ертегісімен ашылды. Маусыма¬шарда әртістер қуыршақтарға жан бітіріп, қойылымды жоғары шеберлікпен ойнап, кішкентай көрермендердің қошеметіне ие болды. Театр ордасының жаңа басшысы Төленді Әлқожа, жаңа маусымға жоспарлары көп екенін түртіп айтты.
– Театр өнерінде 15 жыл көлемінде қызмет істеп келемін. Оның ішінде 13 жылдай “І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында” әртіс ретінде жұмыс істедім. Кейін “Таған” атты жеке театрымызды ашып, әртіс және басшылық қызметін атқардым. Ал қазіргі уақытта қуыршақ театрына басшы ретінде орналасып, әріптестеріммен бірге жаңа маусымның шымылдығын түрдік. Ендігі, жаңа маусымнан жаңа белестерді күтеміз. Сондай-ақ, алға қойған мақсатымыздың бірі – қаламыздың намысын, өнерін, республикалық және халықаралық деңгейде паш еткізу. Жаңа маусымға жоспарларымыз да, қойылымдарымыз да баршылық. Ендігі мәселе қазақ әртістерінен ұжымды құрып, қазақ тілінде қойылымдарды ұсыну. Жаңа қойылымдармен кішкентай көрермендерімізді қуантамыз деген ниет бар,-деді Облыстық қуыршақ театрының басшысы Төленді Әлқожа.
Бүлдіршіндердің сүйікті мекені, өнер ордасында қызмет істеп жүрген әртістердің қатары баршылық. Солардың бірі – Арман Мағанбетов. Ол театр ошағында 9 жыл көлемінде балаларға қуаныш сыйлаған әртістің бірі.
– Театр – өмірімнің ажырамас бөлігіне айналды. Әр қойылым – өз алдына бір шытырман оқиға, ал көрермендердің ықыласы мен әріптестердің қолдауы маған күш-қуат сыйлайды. Алдағы қазан айында «Добро объединяет детей» атты қойылымның тұсаукесері өтеді. Бұл қойылымды біздің талантты әртісіміз сомдайды және оның ерекше, тың өнері бүлдіршіндердің көңілдерінен орын табатынына кәміл сенемін. Жаңа леппен, жаңа серпінмен маусымды бастауға дайынбыз, – дейді театр әртісі Арман Жанболатұлы.
Театр – тәрбие ошағы. Ертегіден тәлім алып, әр кейіпкерден ерекше әсер алатын бүлдіршіндер үшін қуыршақ театрының орны бөлек. Бұл маусымда театр сахнасы жаңа шығармалармен толығады. Көпшілікке таныс ертегілер мен жаңа заманауи туындылар театрдың жанды тынысына айналады. Театрдың шығармашылық ұжымы көрермендерге театр өнерінің құдіретін тағы бір рет көрсетпек.
Сахна шымылдығы ашылған сәтте, балалар күнделікті өмірден үзіліп, ертегі әлеміне енді. Барлық кішкентай көрермендер “Бүгінгі қойылым біздің көңілімізден шықты. Әр әртіс бізді өз әлеміне жетелеп, жарқын көңіл-күй сыйлады. Қуыршақ театрына енді жиі келетін боламыз” деп ыстық лебіздерін білдірді.
Дильназ Изделюева
Суреттерді ұсынған кейіпкер
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77