Облыста мереке ауқымды аталып өтілді
Қаламыздағы Жастар сарайы ғимаратында Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
— Осыдан 28 жыл бұрын ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткіздік. Атырау мен Алтайдың, Арқа мен Алатаудың арасында құшағын кең жайған тәуелсіз мемлекеттің іргесін қаладық. Халқымыздың қат-қатпар тарихында тұңғыш рет ресми шекарамызды бекіттік. Әнұранымызды әуелетіп, көк туымызды желбіреттік. Экономикасы мығым, әлеуметтік жағдайы жыл сайын артқан мықты мемемлекет құрдық. Мұның бәрі еліміздің тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Облыстың осы жылы да қол жеткізген толағай табыстары аз емес. Аймақ басшысы өңірде өнеркәсіптік өндірісінің ауқымы артып, 1 трлн теңгеден асқанын айтты. Республика бойынша Қостанай облысының автомобиль жолдарының желісі ең ұзын болып табылады. Оның көлемі 9,3 мыңнан астам шақырымға тең.
Осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстардың біразын тілге тиек етті. Сонында облыстық дамуына қосқан үлесі үшін аймақ азаматтарына медальдар, айрықша белгілер мен грамоталар табыстады. Марапатқа ие болғандардың ішінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов бар.
— ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталдым. Облыс әкімі Архимед Бегежанұлына азғантай еңбегімізге берген жоғары бағасы үшін шынайы алғысымды білдіремін. Бұл менің жеке басымның марапаты емес, Қостанай облысы мәдениет және өнер қызметкерлерінің мықты ұжымының жемісі деп білемін. Одан әрі де бірлесіп ел игілігі үшін атқарған еңбегіміз жемісті болсын, – деді Ерлан Қалмақов.
Тәуелсіздік жиыны облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77