Оған келемдеушілердің саны артып отыр
Елімізде көптеген жылдар қатарынан тұрғындардың цифрлық сауатын арттыру мақсатында тегін компьютерлік курстар өз жалғасын тауып келеді.
Біздің облысымызда да тегін компьютерлік курстар жұмыс істейді. Өңіріміздің 3 мектебі мен 7 кітапханасында өткізіліп жатқан тегін курстарға келемдеушілердің саны артып отыр.
Мысалы, шаһарымыздың орталығында орналасқан Л.Толстой атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында аталмыш курстар 2003 жылдан бері жүргізіліп келеді.
Биыл да осы курстар бойынша 5 ақпаннан бастап 14 маусымға дейін 77 адам тегін компьютерлік курстан өткен. Осы кітапхананың әмбебап оқу залының меңгерушісі Айгүл Минасованың айтуына қарағанда, компьютерлік тегін курстарға қаламыздағы егде тартқан кісілер көп келеді екен. Олардың көбісі шет елдерде тұратын балаларымен хабарласу үшін әлеуметтік желілерге тіркеліп, скайп арқылы қалай сөйлесуге болатынын үйренсек деген тілектерін білдіреді.
Сонымен қатар үкіметтік порталдармен жұмыс жасауды үйренуді қалайтындардың да саны артқан. Олардың көбі электронды қолтаңбаны қоюды үйреніп, құжаттарды қалай жіберу керектігін де меңгерген. Ал кейбіреулері olx-ке қалай хабарландыру немесе сатылымға қойылатын затты енгізу керектігін үйренген.
Бұл кітапханада тегін компьютер курсына қатысушыларға барлығы 12 компьютер ұсынылған. Олардың кейбіреулері өздерінің ноутбуктерімен келіп, жаңа бағдарламаларды игеріп шыққан. Кейбір қызметкерлер өздері болашақта жұмыс жасаймын деген бағдарламаларды жан-жақты меңгерген.
Алдағы қыркүйек айында кітапханада тағы екі жетілік тегін курс жұмыс істейтін болады. Оған келемін деушілер алдын ала тізімге тұруы керек. Мұнда олардың өтінішімен тегін курс бір ай көлемінде ұзартылуы да мүмкін.
Сондықтан компьютерді еркін үйренем деген тілектеріңіз болса, алдын ала тегін курстарға жазылуды ұмытпаңыздар.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77