Біздің Қостанай Социум

Психологиялық қолдау көрсету және олардың өздерін кінәлі сезінбеуге көмектесу маңызды

Жалпы, адамдар неліктен оңай ақшаға құмар? Психологтардың айтуынша, адамзат тарихында оңай табыс табу идеясы әрдайым адамдарды қызықтырған. Қаржылық пирамидалар осы ұмтылысты пайдаланып, адамдарды тәуекелге баруға итермелейді. Бірақ неліктен бұл құбылыс сонау тоқсаныншы жылдары кең таралды және сол кездегі адамдарды «МММ» сияқты жүйелерге кіруге не итермеледі? Біз осы орайда, белгілі психолог Игорь Зуевпен тілдескен едік.

– Қаржылық пирамида адам психологиясына қалай әсер етеді?

– Қаржылық пирамидалар адамдарды тез және оңай байлыққа жетуге деген үмітпен тартады. Адамдар өздерінің қиын еңбексіз-ақ табыс таба алатындығына сенеді. Мұндай үміт, әсіресе, экономикалық дағдарыс немесе жұмыссыздық кезеңдерінде ерекше тартымды болады. Адамдар, әдетте, әлеуметтік-экономикалық қысым жағдайында эмоционалдық күйзеліске ұшырайды, сол себепті олар осындай схемаларға көбірек қызығады. Психологиялық тұрғыда, бұл құбылыс тәуелділікке әкелуі мүмкін, яғни «жылдам ақша табу» деген идеядан арылу қиынға соғады. Адамдардың көпшілігі үшін бұл мүмкіндік өте тартымды, сондықтан олар өздерінің мүмкіндіктерін асыра бағалап, «мен одан ақылдырақпын, мен сәтті боламын» деген оймен қателеседі. Алайда, пирамиданың құлауы кезінде адамдарда күйзеліс, өзіне деген сенімсіздік және қоғамға деген реніш пайда болуы мүмкін. Бұл теріс эмоциялар жиналып, адам психологиясына ұзақ мерзімді әсер етуі мүмкін.

– Қаржылық пирамидаларға кірудің себебі неде?

– Олардың тартымдылығы көбінесе адамдардың тез әрі оңай ақша табуға деген құмарлығынан туындайды. Мұндай схемаларға кіретін адамдар, көбінесе, қиын жағдайдан шығудың жылдам жолын іздейді. Психологиялық тұрғыдан қарағанда, қаржылық пирамидаларға қатысу барысында адам өзін байып, бақытты болуға жақын сезінеді. Бұл үміт адамның адреналинін арттырып, тәуекелге баруға себеп болады. Алайда, көп жағдайда адамдар күткен нәтижеуге жете алмай, материалдық тұрғыдан ғана емес, эмоциялық тұрғыдан да зардап шегеді. Адамдар қаржылық пирамидаларға әртүрлі себептермен кіреді. Біріншіден, оңай және тез табыс табуға деген ұмтылыс бар. Көптеген адамдар ақша табудың қиын екендігін түсініп, қаржылық тұрақсыздық жағдайында осындай схемаларға тәуекел етеді. Сонымен қатар, қаржылық пирамидалар адамдарды үмітпен, жаңа мүмкіндіктермен және табысты болудың қысқа жолымен тартады. Адамдар көбінесе қаржылық қиыншылықтарға, жұмыссыздыққа немесе өмірдегі қиындықтарға байланысты осындай схемаларға қызығушылық танытады. Олар шұғыл қажеттіліктерін жабу үшін жылдам ақша табу жолын іздейді.

Психологиялық тұрғыдан, бұл шешім қабылдауы бұрынғы тәжірибелеріне негізделген, яғни олар естіген немесе көрген оң нәтижелерге сүйенеді.

Көп жағдайда, адамдар «жұмыс істемей ақша табу» концепциясына тым оптимистік қарайды.

– Қаржылық пирамидаларға кірген адамдарда қандай психологиялық өзгерістер болуы мүмкін?

– Қаржылық пирамидаларға қатысқан адамдар көбінесе үмітпен, алғашқы табыстарға сенеді. Бірақ пирамиданың құлауы немесе күтілген табысқа жете алмау үлкен күйзеліс пен разочарование тудырады. Олардың психологиялық күйі күрт өзгеріп, өзін-өзі бағалауы төмендейді. Көп жағдайда, адамдар өздерін алданып қалғандай сезінеді, ал кейбіреулері отбасы мүшелерін немесе достарын айыптауы мүмкін. Типтік жағдайларда, олардың психологиялық ауыртпалықтары әлеуметтік оқшаулануға, қаржылық қиыншылықтарға, тіпті депрессияға әкелуі мүмкін. Қаржылық пирамидаларға қатысқан адамдар арасында жиі кездесетін симптомдар – күйзеліске, мазасыздыққа, тіпті психосоматикалық ауруларға әкелуі мүмкін.

– Адамдар бұрыннан тәуекелге барып, оңай ақшаны армандаған ба?

– Иә, бұл құбылыс бұрыннан бар. Адамдар әрқашан оңай табыс табуды және өмірін жеңілдетуді армандайды. Бұл біздің биологиялық табиғатымызбен байланысты. Кез келген адам өмірлік күшін үнемдеп, оны аз шығынмен көбейтуді қалайды. Бұл механизм біздің тірі қалу инстинктімізден туындайды. Өмірлік күшімізді сақтау арқылы біз ұзақ әрі жеңіл өмір сүруге ұмтыламыз. Адамдар бейсаналы түрде энергиясын үнемдеп, мүмкіндігінше аз еңбекпен көп нәтижеге қол жеткізгісі келеді. Міне, дәл осы себептен, көптеген заманауи технологиялар, пойыздар мен ұшақтардан бастап, интернетке дейін, өмірді жеңілдету үшін пайда болды. Дегенмен, кейбіреулер осы механизмдерді ақыл-ойының дамуына, инновацияларға бағыттайды, ал басқалары керісінше, жылдам әрі оңай ақша табудың жолын іздейді.

– Неліктен қаржы пирамидалары 90 жылдары кең таралды?

– Тоқсаныншы жылдардағы қаржылық пирамидалардың кең таралуы кездейсоқ емес. “МММ” сияқты жүйелер экономикалық, әлеуметтік, және психологиялық дағдарыс жағдайында пайда болды. Бұл уақытта көптеген адамдар үлкен белгісіздік пен тұрақсыздыққа тап болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі экономикалық хаос адамдардың өміріне айтарлықтай әсер етті, олардың болашаққа деген сенімі азайып, оңай ақша табу жолдарын іздей бастады. “МММ” қаржылық пирамидасы сол кездегі адамдарға жүйе мен тұрақтылықтың иллюзиясын ұсынды. Ол белгілі бір құрылымды және сенімді жүйе ретінде көрініп, адамдарға сабырлық пен сенімділік беруге тырысты. Көпшілігі бұл жүйеге сеніп, материалдық тұрғыдан ғана емес, эмоционалдық жағынан да пайда табамын деп ойлады. “МММ” бастапқыда байлық пен табыстың қол жетімді екендігін көрсетті, бұл көптеген адамдарды қызықтырды. Сол кездегі қоғамның психологиялық күйі де маңызды рөл атқарды. Қаржылық қиындықтарға тап болған адамдар үшін «МММ» тек ақша табу емес, болашаққа үміт символы болды. Сонымен қатар, Рита Голубкованың етігі мен пальтосы сияқты символдық элементтер де осы жүйенің табысына әсер етті. Бұл тек материалдық қажеттіліктерді ғана емес, сонымен бірге сыртқы көрініске деген құштарлықты да қанағаттандырды.

– Қаржылық пирамидаларға кірген адамдарды қалай құтқаруға болады?

– Ең маңыздысы – қаржылық білім беру. Адамдарға қаржылық пирамида дегеннің не екенін, қалай жұмыс істейтінін және одан туындайтын қауіпті түсіндіру қажет. Сонымен қатар, адамдарға адал еңбек пен ұзақ мерзімді инвестициялардың артықшылықтарын көрсету керек. Психологиялық тұрғыдан, қаржылық пирамидаларға кіргендерге психологиялық қолдау көрсету, олардың өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру және өздерін кінәлі сезінбеуге көмектесу маңызды. Олармен жеке қарым-қатынас орнатып, тыңдап, оларға көмек көрсету керек. Психологиялық терапия, топтық қолдау немесе өзін-өзі дамыту курстары да тиімді болуы мүмкін. Сонымен қатар, қаржылық пирамидаларға қосылған адамдар көбінесе өздерін осы жүйеде жақсы нәтиже көрсететіндей етіп сендіреді. Бірақ уақыт өте келе, жүйенің негізі дұрыс емес екенін түсінгенде, олар депрессияға, күйзеліске ұшырайды. Бұл көбінесе өзін-өзі бағалаудың төмендеуімен, қаржылық шығындардың артуымен және отбасымен қарым-қатынастың бұзылуымен көрінеді, – дейді психолог.

Қаржылық пирамидалардың әсері тек қаржылық шығындармен шектелмейді; олар адам психологиясына теріс әсер етіп, эмоционалдық күйзелістер мен әлеуметтік оқшаулануға алып келеді. Сондықтан, қоғамда қаржылық сауаттылықты арттыру мен адамдарды психологиялық тұрғыдан қолдау маңызды. Психологиялық көмектің негізгі бағыттарының бірі – адамдарға өздеріне деген сенімділікті қайтару, қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық тәуелділіктен шығу жолдарын көрсету.

Келешекте, қаржылық пирамидалардан қорғау үшін қоғамда талқылау, білім беру және алдын алу бағдарламаларын жүргізу маңызды. Адамдардың қаржылық сауаттылығы артып, осы секілді схемаларға қарсы тұра алатын психологиялық қабілеті мен білімін дамыту қажет.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Нуржан СМАИЛОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77