Көптеген Қазақстан азаматтары фискалды чектерді маңыздылығын толық түсіне бермейді. Шын мәнінде, фискалды чек – бұл тауарды сатып алу немесе қызмет үшін төлем жасау фактісін дәлелдейтін құжат болып табылады.
Оларды сақтау арқылы азаматтар өз құқықтарын қорғап, қажет болған жағдайда сатып алынған тауарды немесе қызметті қайтару немесе айырбастау мүмкіндігіне ие болады. Алайда көптеген адамдар чекті алып жүрмейді немесе оны мүлде сақтамайды. Бұл, өз кезегінде, кейбір келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін. Мәселен, сатып алынған тауар ақаулы болып шықса немесе қызмет сапасы көңілден шықпаса, чек болмаған жағдайда оны дәлелдеу қиынға соғады. Чек – заңды құқығыңызды қорғаудың негізгі құжаты.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (ҚМ КМ РК) мәлімдеуінше, 2024 жылдың 15 тамызынан бастап Қазақстанда азаматтардың чектерді жинауына жаңа ынталандыру шарасы енгізілді. Бұл «Salyq кешбэк» деп аталатын пилоттық жоба аясында іске асады. Жобаның мәні өте қарапайым: шағын және микро бизнес нысандарында сауда жасаған кезде, сатып алушылар фискалды чектерді алып, оларды арнайы мобильді қосымша арқылы сканерлеуі қажет. Сканерлеу нәтижесінде, сатып алушыларға сатып алу сомасының 2%-ын кешбэк түрінде өздерінің мобильді қосымшаларындағы жеке шоттарына қайтарылады. Бұл жаңа жүйе азаматтарды чектерді талап етуге ынталандырып қана қоймай, көлеңкелі экономиканы азайтуға да ықпал ететін құрал болып табылады.
– Біз үнемі кассалық бақылау аппаратын қолдану миндетті екендігін айтып келеміз. Қазақстан Республикасының аумағында кез келген тауарды сату, қызмет көрсету немесе қолма-қол төлемдер қабылдау кезінде кассалық чек шығару міндетті. Бұл талап ҚР Қылмыстық кодексінің 165-бабына сәйкес реттеледі. Қолма-қол төлем дегеніміз – ақша, оның ішінде мобильді төлемдер, QR-код арқылы төлемдер және басқа да осындай түрлер. Пост-терминал арқылы карты төлем жасау да қолма-қол төлемге жатады, сондықтан мұндай жағдайларда кассалық чек міндетті түрде басылып шығуы керек. 2020 жылдан бастап, қандай қызмет түрімен айналысқанына және қандай режим қолданғанына қарамастан, кез келген кәсіпкер кассалық бақылау аппаратын қолдануы тиіс. Егер төлем банктік аударым арқылы жасалса, бұл қолма-қол емес төлем болып саналады және мұндай жағдайда кассалық аппарат қажет емес. Қолма-қол емес төлемдерге тек қана төлем тапсырмалары жатады, бұл туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 166-бабының 6-тармағында көрсетілген. Сонымен қатар, заңда дұрыс чек қандай болу керектігі туралы 14 тармақ қарастырылған. Бұл тармақтарда көрсетілген талаптарға сәйкес, кез келген қызметті немесе тауарды сату кезінде чек басып шығарылады. Осы чек – аталған талаптардың толық сақталуының айғағы, – дейді Қостанай мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Жанна Тұрғанова.
Қазақстандықтарға арналған жаңа кешбэк жүйесі мемлекет тарапынан халықты салық төлеу мәдениетіне тартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Бұл шара тек салық жинауды арттыру мақсатында емес, сонымен қатар азаматтарды көлеңкелі экономикаға қарсы күреске белсенді қатыстыруға, салықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Сатып алушылар чекті талап ете отырып, сауда орындарының салықтық есептілікті дұрыс жүргізуін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде ел экономикасының тұрақтылығына оң әсерін тигізеді. Жоба 2024 жылдың соңына дейін пилоттық режимде жүзеге асырылатын болады және егер жоба сәтті жүзеге асса, кешбэк жүйесін Қазақстанның барлық аймақтарына енгізу жоспарланып отыр.
Чектерді сақтау мен оларды талап ету Қазақстандағы салық жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі. Осы арқылы елдегі бизнес пен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін жақсартуға және әркімнің салық төлеу міндеттемелерін орындауына ықпал етуге болады. Мұндай жүйелердің енгізілуі Қазақстанның салық саясатының айқындығын арттырып, болашақта экономиканың тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді деп күтілуде.
Тұтастай алғанда, «Salyq кешбэк» жобасы тек фискалды чектерді сақтауды ынталандырмайды, сонымен қатар азаматтарды салықтық тәртіпке баулып, экономикадағы көлеңкелі айналымдарды азайтуға бағытталған маңызды қадам болып отыр. Егер бұл пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, кешбэк жүйесі Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істеп, әрбір қазақстандық өз пайдасын көре алатын болады. Сондықтан әрбір тұтынушы үшін чекті талап етіп, оны сақтаудың маңызы зор.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77