Жол белгілері көлік жүргізушілеріне қозғалысты дұрыс ұйымдастырып, апаттың алдын алу үшін қажет. Дегенмен кейбір жағдайларда жол белгілері әдейі бұзылып, сурет салынады
Мысалы, Амангелді мен Набережная көшелерінің қиылысында қауіпті бұрылыс туралы ескерту белгісі тұр. Алайда белгіге сурет салынған.
– Қасақана бөтен мүлікті жою немесе бүлдіргені үшін Әкімшілік кодексте 20 АЕК (73840 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, – дейді Қостанай облысы полиция департаменті.
Жол белгілерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Оларды бүлдіру тек заңды бұзу емес, сонымен қатар адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді. Сол себепті мұндай әрекеттерге заң бойынша қатаң шаралар қолданылады.
Бұл белгі жайында бірден полицияға айттық. Олар ТКШ-ға жүгініп, бұл белгі алып тасталды. Дүйсенбіде жаңа белгі орнатылады.
Аяжан СЕРІК, суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77