Біздің Қостанай Здравоохранение

Тұрғындар Гриппол Плюс вакцинасын 1 қарашаға дейін ала алады

Вакцина алу үшін емханаға келушілер терапевттің қарауынан өткеннен кейін ғана вакцина ала алады. Жалпы денсаулық жағдайы жақсы болуы тиіс, температура немесе жөтелмен қатар жүрмеуі қажет.

Гриппол Плюс вакцинасы, Ресейде өндірілген, облыс орталығындағы емханаларда тіркелуіне қарамастан алу мүмкін. Егу кабинетінің медбикесі Гульмира Головина, күн сайын 150 адам шамасында келеді деп атап өтті. Бұл вакцинация науқаны тұрғындардың тұмауға қарсы алдын алу шараларының бірі болып табылады.

Сондай-ақ, көшпелі бригадалар да жұмыс істейді. Олар халықты вакцинациялауда қолайлы жағдай жасау үшін, мектептер мен ауруханаларға барып, тұрғындарды егу жұмыстарымен қамтып отыр. Қазіргі уақытта инъекциялар жеткілікті көлемде.

– Егу кабинеті жақсы жұмыс істеп жатыр. Вакцинация, тұмаудың алдын алу мақсатында науқастар белсенді түрде жүгінуде, – деп жауап берді медбике Гульмира Головина.

Медициналық қызметкерлер бірінші кезекте қауіп тобындағы адамдарға вакцина салатынын атап өтеді. Бұл медицина қызметкерлері, педагогтар, қарт адамдар мен балалар.Вакцинация науқандарының аясында халыққа вакцинацияның маңызы мен қажеттілігі туралы ақпарат беріліп, тұмаудың алдын алу шаралары түсіндіріледі. Медициналық қызметкерлер тұрғындарды вакцина алуға шақырып, тұмаудың қауіптілігі туралы ақпараттандыруды қолға алуда. Тұрғындарға вакцина алу міндетті емес екенін, бірақ бұл олардың денсаулығын қорғаудың тиімді жолы екенін атап өткен жөн.

Тұрғындар Гриппол Плюс вакцинасын 1 қарашаға дейін ала алады. Тұмауға қарсы вакцинация – бұл өзіңізді және айналаңызды қорғаудың маңызды қадамы. Таралу маусымы басталмас бұрын алдын ала вакцина алу, аурудың өршу кезеңіне дейін қорғауды қамтамасыз ету үшін ең жақсы әдіс болып табылады.

-Қазіргі уақытта вакцинация өте жақсы жүріп жатыр. Науқастар жүгінеді. Вакцина келгенге дейін де, көптеген қоңыраулар болды, қашан келетіні туралы сұрау жолдады. Яғни, әсіресе, зейнеткерлер, жыл сайын егілетіндер. Вакцинаның алғашқы партиясы аз мөлшерде келді, сондықтан дереу бөлінді. Әсіресе, қауіп тобы мен көпшіліктің жиналатын орны балалар үйлері мен мектептерге бірінші бөлінді. Сондай-ақ, зейнеткерлер мен есепте тұрған адамдар да қамтылды. Бүгінде барлық ұйымдарға вакцина толық көлемде жеткізілді, медициналық ұйымдар жоспарлаған көлемде, – деп атап өтті инфекционист дәрігер Ирина Якунина.

Вакцинациядан кейін, науқастарда жеңіл жанама әсерлер (температура, бас ауруы) болуы мүмкін, бірақ олар әдетте қысқа мерзімде өтеді. Сондықтан тұрғындарға вакцина алғаннан кейін денсаулық жағдайларын бақылап, қажет болған жағдайда дәрігермен кеңесуді ұсынамыз. Вакцинациядан бас тарту – тұмаумен ауырмау үшін өзіңізді және жақындарыңызды қорғаудың маңызды мүмкіндігін жоғалту болып табылады.

Емханалар мен медициналық ұйымдар тұрғындарды вакцинацияға белсенді түрде тарту, тұмаудың алдын алу, және қауіп тобына жататын адамдарға ерекше көңіл бөлу бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, вакцинация туралы ақпаратты әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ арқылы таратуға да ерекше көңіл бөлінеді.

Тұмау – бұл жыл сайын көптеген адамдарды қамтитын жұқпалы ауру. Оның симптомдары – жөтел, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, шаршау және дене ауырсынулары. Вакцинация осы аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі болып табылады, себебі ол ағзаны вирусқа қарсы иммунитет қалыптастыруға көмектеседі. Сондықтан, тұрғындарға өз денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауды ұсыну өте маңызды.

Егер сізде қосымша сұрақтар немесе ұсыныстар болса, дәрігеріңізбен кеңесуге немесе жергілікті медициналық ұйымдарға хабарласуға болады.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77