Костанай и костанайцы

Ұлттық Банк номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңін ұзартады

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың (бұдан әрі – ескі үлгідегі банкноталар) және 2023 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайндағы номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың (бұдан әрі – жаңа үлгідегі банкноталар) айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұзартылғанын хабарлайды.

Айналымда қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап барлық банк пен Қазпоштада 3 жыл ішінде, ал ҚҰБ филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға мерзімсіз айырбастайды.

Айналымда қатар жүру кезеңінде жаңа үлгідегі және ескі үлгідегі банкноталар заңды төлем құралы болып қалатынын, төлемдер мен аударымдар жасала беретінін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың атаулы құны сақталатынын және қабылдауға жататынын атап өтеміз. Ол банкноталардың барлығы ҚҰБ филиалдарында, Қазпоштада және еліміздегі екінші деңгейлі банктер мен Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында еш шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады.

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының дизайны өзгерген кезде айналымдағы ақша белгілерінің қатар жүру кезеңін ауыстыруға және белгілеуге қатысты жалпы тәртібі «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» ҚҰБ-тың 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 Басқарма қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Заңды төлем құралы саналатын банкноталар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын еске саламыз.

2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкнота

2023 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкнота

Нацбанк продлевает срок параллельного обращения банкнот номиналом 5 000 тенге

Национальный Банк Казахстана (далее – НБК) сообщает о продлении по 24 сентября 2025 года периода параллельного обращения банкнот номиналом 5000 тенге образца 2011 года (далее – банкноты старого образца) и банкнот номиналом 5000 тенге измененного дизайна образца 2023 года (далее – банкноты нового образца).

После завершения периода параллельного обращения, то есть с 25 сентября 2025 года, все банки и Казпочта будут обменивать банкноты старого образца на банкноты нового образца в течение 3 лет, а филиалы НБК – бессрочно.

Отметим, что банкноты нового образца и банкноты старого образца в период их параллельного обращения являются законным платежным средством, обязательны к приему по их нарицательной стоимости на всей территории Республики Казахстан для осуществления всех видов платежей и переводов, зачисления на банковские счета. Они без ограничения размениваются и обмениваются во всех филиалах НБК, Казпочте, БВУ страны и филиалах банков-нерезидентов Казахстана.

Общий порядок замены и установления периода параллельного обращения, находящихся в обращении денежных знаков при изменении дизайна национальной валюты Республики Казахстан, осуществляется в соответствии с постановлением Правления НБК от 19 декабря 2015 года № 228 «Об утверждении Правил замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты Республики Казахстан при изменении их дизайна (формы)».

Напоминаем, что отказ в приеме банкнот и монет, являющихся законным платежным средством, является административным правонарушением в соответствии с Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях.

            Костанайский филиал Национального Банка Республики Казахстан 

 Банкнота номиналом 5000 тенге образца 2011 года

Банкнота номиналом 5000 тенге образца 2023 года


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77