Костанай и костанайцы

Қазақстан Ұлттық Банкі телефон-алаяқтарының белсене бастағанын ескертеді

Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтық әрекетке тән жаңа схемалар пайда болғанын ескертеді. Қаскөйлер өзін коммуналдық қызметтің немесе ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырады. Азаматтарға қоңырау шалып, мобильді телефондағы SIM-картаның қолдану мерзімі немесе коммуналдық есептеуіш құралдың пайдалану мерзімі аяқталғанын хабарлайды. Телефонмен әңгіме кезінде азаматтарға олардың қызметін ұзартуға немесе электрондық кезекке тұруға болатынын айтады.

Әрі қарай алаяқтар ұялы телефонға келген хабарламаны өзіне жіберуді, қауіпті сілтемеге өтіп қосымшаны жүктеуді немесе мессенджердегі жаңа функцияларды іске қосуды, я болмаса дербес деректерін хабарлауды сұрайды. Кейін телефонға қосылып алған соң қаскөйлер азаматтың қаражатын ұрлап, SIM-картаның виртуалды көшірмесін қосып алады.

Шоттағы ақшаларды қолды қылғаннан кейін алаяқтар алданған азаматтармен қайта байланысып, өздерін Ұлттық Банктің қызметкері ретінде таныстырады. Сөйтіп екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын орнатып, ақшалай немесе тауарлай кредиттер ресімдейді. Қаскөйлер өз ісінің заңдылығын растау үшін Ұлттық Банк қызметкерінің қолдан жасалған қызметтік куәлігін, Ұлттық Банктің жалған құжаттарын, ақша құралдарын сақтандыру немесе банктік аударымдар жасау үшін хаттар мен реквизиттер ұсынады.

Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтарды қырағы болуға және күдік туғызған қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ бейтаныс адамдардың нұсқауымен HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer сияқты қашықтан басқаратын басқа да қосымшаларды орнатпауға шақырады.

Үшінші тұлғалар тарапынан орындалатын алаяқтық әрекеттерге ұрынып қалмас үшін Ұлттық Банк мемлекеттік органдар мен Ұлттық Банктің қызметкері болып қоңырау шалған адамдармен арадағы байланысты үзуге кеңес береді.

Ұлттық Банктің қызметкерлері аудио және бейнеқоңырау жасамайтынын, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, ақша құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын қосымша хабарлаймыз.

Егер алаяқтық іс-әрекетке тап болсаңыз, тиісті арызбен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз.

Консультация алу үшін Ұлттық Банктің 1477 қысқа нөмірлі байланыс орталығына хабарласуға болады.

Национальный Банк Казахстана предупреждает об активизации телефонного мошенничества

Национальный Банк Казахстана предупреждает о новых схемах мошенничества. Злоумышленники, представляясь работниками операторов сотовой связи или коммунальных служб, звонят гражданам и сообщают об истечении срока действия SIM-карты мобильного телефона или завершении срока эксплуатации коммунальных счетчиков. В ходе телефонного разговора гражданам предлагается продлить обслуживание либо занять электронную очередь.

Далее злоумышленники просят переслать поступающие на мобильный телефон сообщения, перейдя по вредоносной ссылке, скачать приложение или активировать новые функции в мессенджере, либо сообщить персональные данные. Получив доступ к телефону, злоумышленники похищают денежные средства и подключают виртуальный дубликат SIM-карты.

После хищения денежных средств с текущих счетов злоумышленники вновь связываются с обманутыми гражданами, представляясь работниками Национального Банка, устанавливают приложения банков второго уровня, и оформляют денежные или товарные кредиты. В качестве подтверждения легитимности своих действий злоумышленники отправляют поддельные служебные удостоверения работников Национального Банка, фейковые документы от имени Национального Банка, письма и реквизиты для страхования денежных средств или осуществления банковских переводов.

Национальный Банк Казахстана призывает граждан быть бдительными и не доверять подозрительным телефонным звонкам, не переходить по сомнительным ссылкам, а также не устанавливать по указанию третьих лиц приложения удаленного доступа HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer и другие.

Во избежание мошеннических действий со стороны третьих лиц Национальный Банк рекомендует при поступлении телефонных звонков от якобы работников государственных органов и работников Национального Банка прервать разговор.

Дополнительно сообщаем, что работники Национального Банка не осуществляют аудио и видеозвонки, не обслуживают счета физических лиц, не занимаются страхованием денежных средств, а также не проводят денежные расчеты с населением.

В случае, если вы столкнулись с мошенническими действиями, настоятельно рекомендуем обратиться с соответствующим заявлением в правоохранительные органы Республики Казахстан.

Для получения консультации следует обратиться в Контакт-центр Национального Банка по короткому номеру 1477.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77