Біздің Қостанай Социум

Мереке аясында қала қонақтарына арналған сызба

16 желтоқсан – Қазақстанның ең маңызды мерекелерінің бірі. Бұл күн еліміздің егемендік алғанын, дербес мемлекет ретінде қалыптасуын білдіреді.

1991 жылы дәл осы күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, әлем картасында жаңа мемлекет ретінде танылды. Осы мереке аясында қаламызға келген қонақтарды Қостанайдың көрнекті жерлерімен таныстыруды шештік.

Егер сіз Қостанайға пойызбен немесе ұшақпен келген болсаңыз, бұл қала сізді өз тарихымен, табиғи сұлулығымен және мәдени мұрасымен таңқалдырады. Мұнда сізге баруға және көруге болатын маңызды орындар тізімі берілген.

Саяхатыңыз Қостанай теміржол вокзалынан немесе әуежайынан бастау алады. Келесі аялдамаңыз ретінде орталықтағы танымал сағат мұнарасын таңдаңыз. Бұл мұнара Қостанайдың символына айналып, қонақтар мен тұрғындардың суретке түсетін сүйікті орны болып саналады.

Бұл мұнара сәулет ескерткіші болып саналмайды, бірақ дәл осы мұнара Қостанайдың басты символдарының бірі ретінде қабылданады. Мұнара сағаттары ежелден қаланың өзіндік жүрегі ретінде көрінгендігімен түсіндіріледі. Тіпті, қаланың өмірі оның мұнара сағаттары жүріп тұрғанша жалғасады деп есептелген.

Қостанайда мұнарасы бар сағат 1980 жылдардың соңында екі тұрғын үйдің (1960 және 1970 жылдары салынған) арасындағы сәулеттік байланыс ретінде тұрғызылды. Жобаның авторы – сәулетші Иосиф Иосифович Искаков. Оның жобалары бойынша біздің қаламызда облыс әкімдігінің ғимараты, Бас пошта ғимаратының кешені және қала орталығындағы алғашқы 9 қабатты үйлер салынған.

Бәлкім, мұнара сағаттарына қатысты көне нанымдардың әсерінен шығар, Искаков салған және тарих ескерткіші болып табылмайтын бұл сағат мұнарасы Қостанайдың айрықша белгісіне айналды.

Қаланың орталығында саяхатты жалғастырып, Қызыл кірпіш қабырғасына баруды ұмытпаңыз. Бұл мемориал саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған және өңірдің ауыр кезеңдері туралы естелікті сақтап қалуға шақырады. Қостанай тұрғындары бұл жердің маңыздылығын ерекше атап өтеді.

– Мұнда тек туристер ғана емес, біз, қостанайлықтар да жиі келіп, құрметімізді көрсетеміз, – дейді қала тұрғыны Әсем.

«Халық үйі» көне ғимаратының ауласында орналасқан «Қызыл ату қабырғасы» тарихи – революциялық ескерткіші Қостанайда орын алған қатал оқиғалар туралы еске түсіретін орын ретінде қалып отыр. Бұл ескерткіш 1918-1919 жылдары қызыл гвардияшыларды, партия және кеңес қызметкерлерін ату орны. Қызыл қабырға – бұл саудагердің тұрған жеріндегі қамбаның қалдығы. Қызыл қабырға сазды қарапайым кірпіштен жасалған. Қабырғаның бетінде әлі күнге дейін ату іздері, қарудың көмегімен жасалған тесіктер және майысқан жерлер анық көрінеді. Мемориалдық тақтада: «Осы қабырғаның қасында 1919 жылы сәуірде Колчак жазалаушылары қызыл партизандарды, Қостанай шаруалары көтерілісінің қатысушыларын жаппай атты» деген жазу бар.

Өңірдің мәдени мұрасымен танысу үшін Ыбырай Алтынсарин мұражайына баруға мүмкіндік жібермеңіз. Бұл мұражайда қазақ халқының ұлы ұстазы және ағартушысы туралы сыр шертетін бірегей экспонаттар жинақталған.

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, келушілер саны жыл сайын артып келеді.

Мұнда оқушылар ғана емес, Қазақстан тарихына қызығушылық танытатын ересектер де жиі келеді. Мұражайға келген қонақтар Ыбырай Алтынсариннің есімі мен еңбегін жаңа қырынан танып, өз әсерлерімен бөліседі. Бұл оларды одан әрі шабыттандырады.

Қазіргі таңда көп байқағанымыз, қаламызда шетелдің азаматтары көп жүреді. Олардың көбі осы мұражайға келіп, суретке түседі.

Табиғат аясында серуендеуді ұнататындар үшін Жеңіс саябағы қолайлы орын. Мұнда Ұлы Отан соғысы батырларына арналған мемориалды көріп, ағаштардың көлеңкесінде демалуға болады. Саябақ жылы мезгілде ерекше әдемі көрінеді.

Келесі Қостанай тұрғындары мен қонақтары үшін ең танымал орындардың бірі – Тобыл өзенінің жағалауы. Су бойымен серуендеп жүріп, сіз әсем көріністерді және заманауи мүсіндерді тамашалай аласыз. Осы жылы жағалауда жөндеу жұмыстары жүргізілді, қазір ол жер одан да құлпырып, ерекеше көрініске ие болды.

Саяхатыңызды «Тың» монументінде аяқтауға болады. Бұл орын Қазақстанда тың жерлерді игеру дәуірінің ұлылығын еске салады және өңірдің дамуына үлкен үлес қосқан тарихи кезеңнің символы болып табылады.

Қостанай – тарих пен заманауилық үйлескен қала. Мұндағы әрбір бұрыш ерекше тарихты баяндайды. Тұрғындар қаланы жайлы серуендеуге, шабыт алуға және таң қалуға мүмкіндік беретін мекен ретінде сипаттайды. Асықпаңыз, Қостанай сізді жаңа әсерлер мен ашылулармен қуантатыны сөзсіз.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77