Новости События

«Абай – дара тұлға, дана тұлға» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Оқушылар Ұлы ақынның шығармаларына ерекше ден қоюда

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері музей қорынан және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығынан алынған фотоқұжаттар негізінде қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай – дара тұлға, дана тұлға» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрме дайындады.

Қазіргі уақытта жылжымалы көрме Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа қойылып, оқушылар назарына ұсынылды. Мұндағы шәкірттер Ұлы ақынның өмірімен, шығармашылығымен жан-жақты танысты. Сонымен қатар олар ақынның өлеңдерін жатқа білетіндерін көрсетіп, кейбір шумақтарын жатқа оқыды.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық – мәдени ағарту жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Бақытгүл Мұратбекованың айтуына қарағанда, ақынға арналған жылжымалы бұл көрме болашақта қаламыздағы басқа да білім ордаларына орналастырылып, ондағы оқушылардың назарына ұсынылатын болады.

Жылжымалы көрмені ұйымдастырудың басты мақсаты-Ұлы ақынның артында қалған баға жетпес құнды еңбектерін көпшілікке кеңінен таныстыру болып отыр.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77