Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқы
Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қазақстан – Менің Отаным» атты көрме ашылды. Іс-шара Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді насихаттауға бағытталған.
Көрмеге музей қорынан 100-ден астам жәдігер қойылды. Олардың қатарында әртүрлі ұлттардың тұрмыстық заттары, музыкалық аспаптары, бас киімдері және бейнелеу өнері туындылары бар. Сондай-ақ Юлия Говорованың жеке коллекциясынан 1960-1980 жылдардағы «Халықтар достығы» сериясынан ұлттық киімдегі қуыршақтар ұсынылды.
— Сирек кездесетін жәдігерлер арасында тұрмыстық заттар мен қуыршақтар ерекше қызығушылық тудырады, — дейді экскурсиялық және мәдени білім беру бөлімінің жетекшісі Айбике Қазыбаева.
Қостанай облысының әкімдігіне қарасты «Қоғамдық келісім» КММ Қоғамдық даму департаментінің басшысы Наталья Рамазанова бұл көрменің Ассамблеяның 30 жылдығына арналған іс-шаралар қатарына кіретінін атап өтті.
— Ассамблея мерекесі дәстүрлі түрде 1 наурыз – Алғыс айту күнінен басталды. Алда тағы көптеген мәдени іс-шаралар өтеді, — деді ол.
Көрме облыс тұрғындары мен қонақтарына көпұлтты Қазақстан мәдениетінің байлығын таныстыруға бағытталған.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77