Новости Образование

Қостанайда діни сауат ашу курстары жүргізілді

Мұнда шәкірттер Құран әліппесі және Құран ережесімен жан-жақты танысты

Қазіргі таңда Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлының ұйымдастыруымен діни сауат ашу курсы жүргізілуде.

Мәселен, 2019 жылдың желтоқсан айының 18-нен бастап 2020 жылдың қаңтар айының 25-і аралығында сауат ашу курсы облыстық мешітте өтті.

Ислам діні кімді болсын білім-ғылымға, ұлағатты тәрбиеге үндейді. Сондықтан да мұсылмандық негізде әрі ұлттық сипаттағы тәлім-тәрбиемізге орасан зор көңіл бөлінеді. Мешітте жамағатқа Құран әліппесі,  Құран ережесі (тәджуид), фиқһтан сабақтар берілді.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, «Сарыағаш медресе» колледжінің бітіруші түлектері  Бекзат Бейсенбайұлы ерлерге, ал әйел-қыздар жамағатына Сәуле Мәжитқызы ұстаздық етті. Олар өздерінің білгендерін шәкірттерге үйретіп, мол сауап жинады.

Қостанай облыстық мешітінің аппарат басшысы Қанат Орынтайдың айтуына қарағанда, өңіріміздегі мешіттерде діни сауат ашу курстары жұмыстары жылдан-жылға барынша жанданып келеді. Бұл курстардың басты мақсаты жастарды жат ағымдардан сақтап, діни білімдерін жетілдіру.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77