Мерекелік концерт өтті
Қазақ халқы үшін маңызды орын алатын мерекелердің бірі Алғыс айту күні.
Осы айтулы күн мен Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл толуына орай Е.Өмірзақов атындағы облыстық филормонияда «Birlik pen kelisimge 25 jyl» атты мерекелік концерт өтті.
Оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.
Мерекелік шара театрландырылған музыкалық-хореография-лық қойылыммен басталды.
Аймақ басшысы қостанайлықтарды мерекемен құттықтады.
– Біз егемен еліміз үшін ерекше маңызы бар атаулы мерейтойлар қарсаңында жүздесіп отырмыз.
Бұл мемлекеттік мерекелер Отанымыздың қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдық мерейтойы күнінде біз бесінші рет Алғыс айту күнін атап отырмыз.
Бұл күн ортақ тарихымыз бен тағдырымызға құрметпен қарап, бірлігімізді бекемдейтін, татулығымызды дәріптейтін күн. Алғыс айту ұлттық кодымыздың ажырамас белгісі ретінде қалыптасып, бүгінде адамгершіліктің айғағы ретінде бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұл мереке қазақтың жомарт жеріне, дархан халқына деген ерекше ықылас пен құрметтің көрінісіне айналды, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Архимет Бегежанұлы атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерге тоқталды.
Алдағы істер ретімен орындалатынын жеткізді.
Алғыс айту күні барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, ара-қатынасын нығайта түспек.
– Алғыс айту күнін ерекше мәні бар мереке деп білемін. Бұл күн – барлық этностардың бір-біріне мейірімділік танытып, адамдарды жақын бауыр ретінде қабылдаған қазақтарға алғыс күні. Қиын- қыстау заманда Қазақ халқы өзінің жылылығын сыйлады.
Сіздерге шын жүректен алғыс айтқым келеді, – деді Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Вайнах атты Шешен Үңгіш этнокультуралық ұйымның жетекшісі Тимаев Эльбруса Богданұлы.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77