1 тамыз күні Қостанайдағы Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Абайдың 10 күндігіне арналған алғашқы іс-шара өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары, жас оқырмандар мен абайтанушылар қатысты
Шара барысында Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылып, ақынның өлеңдері оқылды. Сондай-ақ, абайтанушы ғалымдар мен кітапхана қызметкерлері ұлы ойшылдың әдеби және рухани мұрасы туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Қатысушылар Абайдың ұлт руханиятындағы орнына тоқталып, оның идеяларының бүгінгі күнмен үндесетінін атап өтті.

– Мектеп қабырғасынан Абайдың кім екенің білмейтін адам жоқ шығар. Абайдың өленің жаттамаған, оның мұрасын оқымаған адам жоқ шығар. Міне, осыдан 180 жыл бұрын 20 жасында бір ұлттың болмысын, бүкіл бір ұлттың тынысын, мінезін өзінің өлең жолдарына түсіріп, қара сөзбен жеткізген жан, – дейді Қазақстан жазушылар одағының Қостанай облысы бойынша өкілі Жанұзақ Аязбеков.

Абайға арналған 10 күндік аясында облыс көлемінде танымдық кездесулер, поэзия кештері, кітап көрмелері, челлендждер мен шығармашылық байқаулар өтеді. Бұл бастама 10 тамыз Абай күніне дейін жалғасады.




Аяжан СЕРІК, суреттерді түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77
