Бұл жолғы ойын Еріктілер жылына арналды
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде жайдарман ойындары өтті. Бұл жолғы ректор кубогы ойынының тақырыбы «Еріктілер жылына» арналды. Ойынға көрермен болып оқу орын студенттерімен жайдарманшылардың қолдаушылары келді.
Аймақтық жайдарман ойынына «Чикаго» Рудный құрылыс және көлік колледжінің құрамасы, ҚМПУ құрамасы, ҚМУ құрамасы, Арқалық құрамасы, Қысқа да нұсқа №15 мектеп оқушылар командасы, Омар ұрпақтары Рудный командасы, Бренд Қостанай командасы қатынасты. Сайыс сәлемдесу және бес жаңалық сынды екі кезеңнен тұрды.
– Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректорының кубогы сарапқа салынады. Алғашқы қазақ тілінде, кейін орыс тілінде екі ойын болады. Осы жолы қатысуға ниет білдірген жеті команда өнер көрсетеді. Жүлде үш орын бойынша беріледі және «үздік ойыншы» анықталады, – деді Жайдарман ойындарын ұйымдастырушы Марғұлан Бәкір.
Ойын барысында әділ-қазылар алқасы балдық жүйемен бағаларын беріп отырды. Өнер бәсекесінің қорытындысы бойынша Ректор кубогына «Қысқа да, нұсақа» Қостанай қалалық №15 мектеп оқушылар командасы лайық деп танылды. Екінші орынды Арқалық құрамасы иеленсе, үшінші орын Бренд Қостанай құрамасына бұйырды. Ал, «үздік ойыншы» дипломы ҚМПУ құрамасындағы Азамат есімді жайдарманшыға табысталды.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77