Костанай и костанайцы

Ағайынды әншілер «БРО» дуэті таңертенмен туған жерге табан тіреді

Қостанайлық жанкүйерлері мен жақындары поэздан сән-салтанатымен күтіп алды

Еліміздегі ірі тележобалардың бірі «Х Фактор» байқауының жеңімпазы атанған Айдар және Бекболат Жазықбаевтар Қостанайға келді.

Қолдаушылары қос жігітті күннің аяздығына қарамай, жан жылытар жеңістерін бағалап күтіп алды. Қостанайлық әншілер финалда жанкүйерлер мен жерлестердің ең көп дауысын жинаған болатын. Дауыс жинау өз алдына, дарындарының арқасында жобада дара шықты.

– Жобаның барлық кезеңінде қолдау көрсеткен барлық жандарға алғыс айтамын. Күтіп алуға етжақындарымыз келеді деп күттік, алайда қолдаушыларымыз дәл осылай керемет жағдайда күтіп алады деп ойлаған жоқпыз. Біздің алдымызда қатысып өзіміздің өнерімізді таныту міндеті тұрды. Алайда, жеңіске жетеміз деп ойлаған жоқпыз. Тағыда қолдау білдіріп, дауыс берген барша қостанайлықтарға алғыс айтамын, – деді жоба жеңімпазы Айдар Жазықбаев поездан түскен сәтінде.

Қостанайлық әншілер жобаға қатысуға бел буған күннен бастап мәдениет өкілдері қолдау білдіріп, жанкүйерлік танытты.

– Қараша-желтоқсан айларынан бастап дайындық жүргіздік. Ұйымдастыру шараларын мәдениет өкілдерімен отырып ақылдасып, насихат жұмыстарына кірісіп кеттік. Өңірдің барша мәдениет саласындағы қызметкерлер қолдау білдіріп, насихат жұмыстарына атсалысты. Үміткер Мейірімхан Назарановты да соңғы сәтке дейін қолдадық, алайда өнер болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Дегенмен, Мейірімхан талантты әнші. Ал, жеңімпаз атанған дуэт осыған дейін әншілігімен көрінген жандар. Түрлі облыстық, республикалық байқауларда жеңімпаз атанып жүрген болатын. Бұл жеңіс бір күннің еншісінде емес, оған жету үшін қаншама тер төгілді, – деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.

Басқарма басшысы ағайындылардың алдағы уақытта өздерінің шығармашылық жоспары бар екендігін айтты. Десек те, туған елмен мәдени байланыс үзілмейтіндігін жеткізді.

Екі жігіттің ата-анасы Кұшмұрын кентінде тұрады. Ол кісілер екі баласын үйден қарсы алмақ. Қостанайда тұратын отбасылық жолдастары күтіп алуға арнайы келген. Әкесіндей болып кеткен Сейілхан Кенжегаринов, Айдар мен Бекболаттың өнеріне кішкене кездерінен кәу екенін айтады.

– Ауылда ата-аналарымен жолдас болдық, әлі күнге дейін араласымыз. Екі баламыз жеңімпаз болып оралды, қуаныштымыз. Айдар мен Бекболат көз алдымызда өсті. Екуіне алдағы уақытта жанкүйерміз, тілекшіміз, – дейді Сейілхан Кенжегаринов.

Еске сала кетейік, жеңімпаз жерлестеріміз байқаудың бас жүлдесін 7 миллион теңгені қанжылаған болатын.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Нұржан СМАЙЛОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77