Біздің Қостанай В ритме города

Ағаштан жасалған ыдыс Қостанайда қаншалықты қолданысқа ие?

Неліктен табиғи материалдардан жасалған ас үй құралдарына сұраныс жыл сайын артып келеді?

Қазіргі әлемде адамдар өздерінің және жақындарының денсаулығына көп көңіл бөледі, ал ағаштан жасалған ас үй құралдары бұған дәлел. Табиғи ағаштың құрамында зиянды химиялық заттар жоқ. Ағаш қасықтар мен табақтарды тіпті ең кішкентай отбасы мүшелері де пайдалана алады. Балалар үшін ағаштан жасалған ыдыс фарфордан, шыныдан немесе металдан жасалған ыдыстарға қарағанда қауіпсіз. Сонымен қатар бұл ыдыстар дастарханға тыныс беріп, ажарландырып тұратыны белгілі.

Бибігүл Шертанова күйеуі екеуі ағаштан түрлі ыдыстарды халыққа ұсынып отырады. Олардың айтуынша, қазір алатын адамдар өте көп, ыдыстар сұранысқа ие. Тіпті, көрші тұрған Ресей азаматтарыда тапсырыс беріп, алып жатады. Алайда, кейбір адамдар ағаш ыдыстарды дұрыс қолдана алмайды. Бір – екі қолданғаннан кейін жарамсыз болып қалатын жайттарда болады.

Мен өзім бір жылдан артық қолданып келемін. Бұл ағаштан жасалғандықтан күтім жасау керектігін ұмытпаған жөн. Біз ыдыстарды қайыннан істейміз. Кейбір ыдыстар толық бір ағаш бөлшегінен жасалса, кейбірі бөлшектерді жабыстырып жасайтын да түрлері бар. Жабыстырылып жасалған ыдысты суда көп ұстауға болмаЙДЫ. Мысалы, адамдар арасында еттен кейін ерісін деп, суды құйып қойып қояды. Бұл дұрыс емес.Бірден жуып, құрғатып қойған дұрыс, – дейді Бибігүл Шертанова.

Бүгінгі таңда олар жасалған туындылардың алуан түрі бар. Бірақ, осыған қарағанда, ас үй ыдыстарының сұранысы өте жиі кездеседі.
Кейбір адамдар ағашқа май жағып қояды. Ал біз майға қайнатып алып іске кірісеміз. Сондықтан май сінген деп айтуға болады. Оған қоса күннің астына құрғатып қоятындар да бар. Ол да дұрыс емес, – дейді Бибігүл.

Бірнеше жыл бұрын ағаштан жасалған ыдыс-аяқты ас бөлмеден сирек кездестіретін едік.Ал қазір қонаққа барсан көбісі бешбармақты астауға салып дастарханды әрлеп қояды. Оған қоса мамандар оның адам денсаулығына пайдасы зор екендігін айтып, тұрмыста тұтынғанды жөн санайды. Қолданысқа қолайлы, ою-өрнекпен көмкерілген ағаш ыдыспен ас ішу ағза үшін тиімді. Онда тамақтың құнарлығы сақталып, түрлі бактериялар өз күшін жояды.

Аяжан СЕРІК,
фото кейіпкерден алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77