COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

Выздоровевших

Зарегистрированных случаев

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Ақылбек Шаяхмет: «Сералин қазақ көсемсөзінің сардарларының бірі»

Қазақ тіліндегі тұңғыш журнал «Айқаптың» жарық көргеніне 110 жыл

Қазақ ұлттық қоғамдық-саяси және әдеби-көркем «Айқап» журналының алғашқы саны 1911 жылы 10 қаңтарда Троицкіде жарық көрді. Кейде айына бір рет, кейде екі рет шыққан журнал 1915 жылдың қыркүйегіне дейін жарық көріп тұрды.

Қоғамдық саяси және әдеби-мәдени тақырыптарды арқау еткен журналдың редакторы – көрнекті көсемсөзші, ақын, зерттеуші Мұхамеджан Сералин.

Биыл, яғни 2021 жылдың 10-қаңтарында журналдың жарық көргеніне 110 жыл толды.

Қостанай өңіріне белгілі ақын, көсемсөзші, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ақылбек Шаяхмет «Айқап» журналының шығу тарихи әріден басталғандығын айтады.

– 1910 жылы патша үкіметі Мұхамеджан Сералиннің журнал шығару туралы өтінішіне қол қояды және журнал шығаруға рұқсат берген. Онда: «Киргизу Кустанайского уезда Чубарской волости аула №5 М. Сералину, выдано разрешение на издание в г. Троицке под его ответ¬ственность ежемесячного журнала «Эй-кафь» по следующей программе: передовые статьи, заграничные вести, вопросы мусульманской жизни, хроника, фельетоны и стихотворения, библиография и научные статьи, смесь и письма в редакцию», – деп жазылған. 1911 жылы қаңтар айында Троицк қаласында біздің Қарабалық ауданына іргелес, қазіргі Ресей жеріне қарайтын «Айқап» журналы жарыққа шықты. Сол жылдың 16-наурызында «Қазақстан» газетінің алғашқы санында да шыққан болатын. Ал Орынбордағы «Қазақ» газеті 1913 жылдан бастап шыға бастады. Сондықтан да біз «Айқап» журналын біздің қазақ баспасөзінің журнал саласындағы тұңғышы деп есептейміз. Ал енді журналдың жарық көруі үлкен серпіліс туғызғаны айтпасақ та белгілі. Мұның ішінде М. Сералин сол кезде Троиц медрессесінде оқыған Зейнолла ишан Расулевтің арнайы медрессесінде Сұлтанмахмұт Торайғыровты қызметке алды. С. Торайғыровтың «Қараңғы қазақ төріне өрмелеп шығып, күн боламын» деген идеясы Сералинмен өзектес болды, – дейді Ақылбек Қожаұлы.

Сералин өңірінде болған тарихи оқиғаларға назар аударып отырды. «Айқаптың» бірінші бетінде елдегі жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші жəне үшінші беттерінде «Ашық хат» деген айдармен оқырман хаттары басылып тұрды. Төртінші, бесінші, алтыншы беттерінде проблемалық мақалалар берілді. «Фельетон», «Хабарлар» айдарлары журналдың орта тұсынан, шетел хабарлары мен көңіл айту, басқарма ескертулері мен рецензиялар соңғы жағынан орын алды.

– Сонымен бірге Мұхамеджан Сералин туралы айтқанда «Айқап» деген атты неге бергені туралы айтамыз. Біздің қазақтың «Әй, қап» дейтін қандай ісі бар?! «Қап» дегенде қапияда, өткен іске кез болған соң журналымызға да өкінішке лайық «Айқап» болдық дегені беташар сөзінде жазылған. Бұл сол кездегі «Оян қазақ» деген ұранмен өзектес болатын. Орынбор облысында қазақ тілі қоғамы құрылған кезде «Айқап» деген газет те шығып тұрды. Қазір ара-тұра, айына 1 рет болса да шығып жатыр. Ресейдегі өзгерістер туралы да жазылды, яғни Сералиннің өзіндік көзқарастары былайша айтқанда сол кездегі пролетариаттың мақсат-мүддесімен үндес келіп отырды. «Айқап» қазақ демократиялық интелегенциясын, ұлттық идеяларын насихаттады. Түрлі идеялар мен көзқарастағы авторларға газет бетінен орын беріп отырды. Орыс және қазақ халықтарының тығыз байланысы туралы жазылды. Жалпы алғанда, бұл журналдың негізгі мақсаты қазақтарды отырықшылыққа үндеу, қазақтарды орыстың озық мәдениетінен үйрету, егіншілік және басқа да кәсіпке баулу. Ыбырай Алтынсарин ашқан кәсіптік училище сияқты оқу орындарына қазақты білімді қылып шығару болатын. Сералин журналдың редакторы ғана болған жоқ бұрынғы Қостанай уезі Шұбар болысына қарасты Қарабалық ауданының Өрнек ауылында туған Мұхамеджан атақты Серәлі Еруәліұлының баласы. Троицк қаласындағы медреседе білім алған Сералиннің өзі де, кейін Қостанайдағы екі класстық орыс-қазақ училищесін бітірген болатын. Орынборда «Ұшқын» газетінде қызмет істеген. 1921 жылы Қостанайға қайта оралып Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы болды. Былайша айтқан кезде одан кейін бірнеше жыл «Болшевиктік жол» кейін «Ауыл», қазіргі «Қостанай таңы» газетінде редактор болып қызмет істеді. Қазақ әдебиеті газетін зерттеген баға жетпес үлесі үшін Бейсембай Кенжебаев күні кеше ғана Сералин туралы үлкен мақала жазды. Осы мақаласында қазақ журналистикасына көп еңбек сіңірген профессор Б. Кенжебаев М. Сералинді қалың қыпшақ арасындағы Қарабалық ауданының Танауға тайпасынан шыққан Қожа руына жатады деп көрсеткен. Шын мәнінде «Қожа» деген ру болған емес. Ал енді М. Сералиннің арғы аталары шынында да Қожа. Яғни олар қара қазаққа жатпайды. Серәліден туған Мұхамеджан Сералин «Қожа» тұқымына жатады. Беймембай Кенжебаев ағамыз қателесіп кеткен болу керек, – дейді ақын Ақылбек Шаяхмет.

ХХ ғасырдың көрнекті ақын жазушылары, қоғам қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов сынды тұлғалар «Айқаптың» тұрақты авторлары атанған. Бас аяғы 500 таралыммен шыққан. Жәрдем берушілер көбейіп және өзі де қор жинаған соң, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен 12-24 бет көлемінде жарияланды.

– Журналды шығаруға сол кезде жергілікті мұғалімдер, соның ішінде, Көбеев, Бейсенов деген мұғалімдер қызу атсалысты. Сералин кейбір қазақ студенттерімен оқытушыларын да қызметін байдаланды. Олар күз және қыс айларында қалалық училищелермен семинарларда білім алып, жазда ауылда мұғалім болып жұмыс істейтін. Олар әсіресе Қостанай, Ырғыз және Торғай уездерінде белсенді әрекет жасады. Журнал тілеуқорларының арасында қыз-келіншектер де болды. Мысалы, Тілеубаева, Өтегенова, Сейдалина деген әйелдер болды. «Айқап» журналына олар әртүрлі жолмен келген. Бұлар журнар өміріне белсене қатысып, сол кездегі әйел теңдігі мәселесін де көтерді, – деп атап өтті Ақылбек Шаяхмет.

Белгілі зерттеуші-ғалым, дипломат, Қазақстанның құрметті журналисі Серікқали Байменше, «Егемен Қазақстан» газетіне берген мақаласында «Оқырман «Айқап¬ты» қазақтың тұңғыш ұлы деп таныды, «Қазақ» газетін оның тетелес інісі деп білді», – деп жазды.

– «Айқаптың» бұрындары ай¬тыл¬май келген авторларына қа¬тысты ақиқат та соңғы жиырма жылдың ішінде ашылып, жария болды. Мысалы, «Дүнияда ерге теңдік, кемге кеңдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді, елсізді елдіге теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін? Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өк¬пелер бет жоқ» деп қазақ жері¬нің сол кездегі тағдыры туралы толғанған Ахмет Байтұр¬сынов¬тың «Қазақтың өкпесі» мақа¬ла¬сы «Айқаптың» бірінші нөмі¬рін¬де жарияланған еді. «Айқап» журналының бірден бір басқарушысы да, бастыру¬шы¬сы да қазақтың белгілі қа¬ламгері Мұхаметжан Сералин болды, – деп жазды ол.

Мақала ішінде, «…Өл¬ке¬тану мұражайынан ештеңе көзге түс¬педі. «Журнал басқармасы осы тұс¬та болыпты деседі» деген ой¬мен іздестірген үйлердің ор¬нын жаңа заманның құры¬лыстары басып кетіпті. «Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» деген, қайдан сақталсын… Алайда ең бастысы – «Ай¬қапты» бес жыл бойы басып шы¬ғар¬ған, қаланың қазіргі орта¬лы¬ғына жақын орналасқан «Энер¬гия» баспаханасының екі қабатты ескі үйі сол күйінше тұр екен. Кө¬ше жақ бетіндегі бұрынғы қы¬зыл кірпішті қабыр¬ғасы ақ кірпішпен қайта қап¬та¬лыпты. Мұнда қала¬лық дәріхана және оның қоймасы орналасқан болып шықты. Үйдің Совет кө¬шесі жақ қабырғасында ке¬ңестік заманда орнатылған «Здесь с 1911 по 1917 г.г. печатались боль¬шевистские листовки и про¬к¬ламации» деген тас тақта ілу¬лі тұр. Егер Қазақстан тарабы «Ай¬қап» журналына ескерткіш бел¬гі қоюға шын ниет білдіріп жат¬са, Троицк қаласының бас¬шы¬лығы оның осы «Энергия» бас¬па¬ха¬насының ғимаратына ор¬нат¬ыл¬ғанын орынды санайды. Әри¬не, көз¬дің ағындай «Ай¬қап¬қа» Троицк қаласында бір бел¬гі¬нің бол¬ғаны керек-ақ», – деп жазылған.

– Сералиннің ресми баспамөзде жарық көрген мақалалары кейде «Біздің сүйікті Отанымыз Россия империясына лайықты болайық» деген сөздерімен аяқталып отырды. Өйткені, сөз жоқ бұл «Айқапты» да патша цензурасы қатаң қадағалап отыратын. Сондықтан патша үкіметінің саясатына сәйкес, осындай сөздерді жазуға мәжбүр болды. Жалпы алғанда Сералин ұлттың шеткер аймақтарына Патша үкіметінің көзқарасын ұстанған саясаты туралы мақалаларында өз ойын үнемі ашық білдіріп отырды. Яғни, Сералин 1915 жылдарда болған оқиғаларды, журналды сақтаудағы мәселелерді жазып отырды. Шоқан мен Ыбырай, Абай сияқты ақын-ағартушылардың қызметімен медрессе мектептер ашылғанда Сералин осы идея жүзеге аса бастағанын журналда атап жазды. Сералин орыс және тіл меңгеруге де шақырып отырды. «1914 жылдың 17 шілдесінде алтын басты Ыбырай Алтынсарин қайтыс болғанына 25 жыл толды. Оның қазақ даласына жасаған қызметі орасан зор, ал оны еске алған қазақтар болды ма екен?! Жоқ, шамасы мәдениетті халық қатарына қосылу бізге алыс болу керек» деп Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласына сепкен білім ұрығы ол қайтыс болған соң да лайықты жалғасын тауып өңбей жатыр деп қынжылды өзінің бір мақаласында. «Біз басқа да халықтан артта қалмауымыз керек, қазақ жастары профессорлық лауазым туралы да ойлануы керек» деді. Яғни, Сералиннің отыршылыққа көшу, кәсіп меңгеру, орыс тілін үйрену секілді ойлары күні бүгін де маңызын жойған жоқ. Сералин қазақ көсемсөзінің сардарларының бірі, – деп қорытты Ақылбек Шаяхмет.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Сурет ашық ақпарат көзінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77