Қай кезде болмасын жарықтандыру мәселесі халық назарында болатындығы анық.
Қала көшелерінің жарықтандырылуы жайында редакциямызға келетін сұрақтар өте көп. Тұрғындардың айтуынша, Абай көшесінің жоғарғы жағында таңертең жұмысқа бара жатқанда жарық сөніп қалады, көшеде жүргенде жарық болып көрінсе де, ал көлікте отырғанда жарық әлдеқайда күңгірт болып көрінеді.
– Кесте күн сайын 1-2 минутқа ауысады. Біз уақытты екі рет тексереміз, егер қажет болса, түзетулер енгіземіз. Бірақ жарықтың қосылуы мен сөну уақыты кестеге байланысты жүзеге асады, – дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы Денис Петрухно.
Бізге жіберген кестеде, мысалы бүгін 19:26 жарық қосылса, таңертен 08:32 де сөнеді. Осылай кешкі уақыт 1-2 минутқа артқа шегініп, таңертеңгі уақыт керісінше алдыға қозғалып отырады.
Көбінесе ауа-райы бұзылған сәтте қандай шамдардың дұрыс істемейтіндігін білуге болады. Әдетте, нормаға сәйкес шамдардың 7% – на дейін істемей тұруы рұқсат етіледі. Дгенмен де, қаламызда біреуі істемесе, қатарынан сөніп қалатын жайттар кездеседі. Естеріңізде болса, осыдан екі апта бұрын жаңбыр мен қар жауып үш күн бойы үлкен көпірде жарық болмады. Өткен жылы ол жерде сымдар өзгертілді, бірақ неге әлі күнге дейін жел болған сәтте, көбінесе таңертең де, кешке де жарық жанбайды.
Кейде оң жағында шамдар жанып тұрса, сол жақта жанбайды, содан кейін керісінше болып тұрады. Неліктен бұлай болатындығы жайында да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысынан сұрап көрдік.
– Мәселе қосалқы станцияда болды. Бізге байланысты емес, – деп жауап берді.
Жалпы Қостанайдың 423 көшесінің 339-ы ғана көше жарығы бар. Желілердің ұзындығы шамамен 400 км құрайды. Өткен жылы жарықтандыруға бюджет 2 млрд теңгені құрады. Бұған қаланың 40 көшесіндегі көше жарықтандыру желілерін жөндеу жұмыстары кірді. Сонымен қатар, темірбетон тіректерін металға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді және күңгірттеу функциясы бар шамдар орнатылды. Алайда, бұл жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болса да, көлік жүргізушілеріне ыңғайсыздық туғызуда. Оларға даладағы жарық қараңғылау болып көрінеді.
Ағымдағы жылы 29 көшедегі жарықтандыру жөнделеді. 2024 жылы облыс орталығында саны 147 дана болатын 10 шам бағдаршамын жарықдиодты бағдаршамға ауыстыру, сондай-ақ бағдаршам объектілерінің 30 бірлігін жаңарту және толық жөндеу жоспарлануда.
Сонымен қатар мамандардан жарықтандыру арнайы қосымша арқылы жүзеге асырылатындығын білдік. Алдағы уақытта осы қосымша туралы толық ақпарат беру үшін, мамандарға сұрау жібердік. Оның қалай жұмыс істейтіндігін егжей-тегжей айтып береді.
Соңғы уақытта облыс орталығында көшені жарықтандыру мәселесі өткір тұр. Бұл туралы IKomek қызметіне қоңыраулар жиі келіп түседі. Алдынғы жылы 12 303 өтініш болды. Қала тұрғындары бағдаршам нысандарының тұрақты жұмыс істемеуіне назар аударады. Қала ішіндегі көптеген ыңғайсыздықтардың туындауы осы жарықтандыруға тікелей байланысты.
Осыдан бірнеше уақыт бұрын қала әкімі өзі жүріп жарықтандыруды тексеріп қайтқан еді. Оған қоса жауапты мамандарға осы мәселені қадағалап отыратындығын жеткізді. Өйткені, қала ішінде жарықтандырумен қатар бағдаршамдар да істен шығатын жағдайлар өте көп. Тексеріс кезінде істен шыққан шамдар байқалды. Қала әкімі, мердігерлерде әрқашан сылтау табылатындығын, сонымен қатар мұндай жағдайлар дұрыс емес екендігін атап өтті.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77