Онда қаламгер Нағашыбай Мұқатовтың шығармашылығы жайлы айтылды
Жуырда үстіміздегі жылы 70-ке толған Қзаақстанға белгілі ақын, Жазушылар Одағының мүшесі, мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатовтың шығармашылығына арналған кеш болып өтті.
Ол облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің «Шашу» деп аталатын қонақжай залында ұйымдастырылды. Жүздесу „Сөйле жүрек„ деп аталады.
Оған өңірдегі есімдері елімізге танымал ақын-жазушылар Ғұмар Ахметчин, Серікбай Оспанов, Ғайнижамал Бердалинова, облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Роза Олжабаева және басқалар қатысты.
Басқосуда алғашқы құттықтау сөз облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Роза Төлешқызына берілді. Содан кейін Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының директоры Ғұмар Ғарифұлы, Серікбай Оспанов, ақын Ғайнижамал Сайманқызы, аталмыш мұражай басшысы Марғұлан Оспанов мерейтой иесін құттықтап, оның азаматтық қырлары мен шығармашылығына тоқталды.
Жиында көпшілік алдында Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қалибек Деріпсалдин белгілі ақынның сөзіне жазылған «Жарым менің» деп аталатын әнін шеберлікпен орындады.
Сондай-ақ мұражай қызметкері Ақерке Түлкібаева халық әні «Ақжайнақты» нәшіне келтіре шырқады. Нағашыбай Мұқатовтың шәкірті Нұрсұлтан Қасымовтың ұстазына деген арнау өлеңі де жүректерді қозғады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77