COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

115384

Выздоровевших

129213

Зарегистрированных случаев

5050

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1990

Летальных случаев

Біздің Қостанай Социум

Абайдың 1939 жылы шыққан кітабы академия мұражайына табысталды

Академия мұражайы ішінін Абай Құнанбайұлына арналған бұрыш ашылмақ

Жақында Қостанайда Абай өлеңдерінің 1939 жылы Сәбит Мұқановтың алғы сөзімен латын қарпінде шыққан жинағы табылған болатын.

Іле артынша академия басшылығы кітаптың құндылығын ескеріп тұсаукесерін өткізуді жөн көрген.

Алғашкітапты Ішкі істер министірлігіне қарасты Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкері Мырзабек Тұйғанов жұмыс орнына әкеліп, әріптестеріне таныстырған.

– Негізі бұл кітап менің нағашы атамның інісі, қазір марқұм Серемет Асыблекұлынан маған қалған болатын. Ол кісі өзі кітапты жақсы оқығандықтан, көптеп жинаушы еді. Жас күнімізде ауылдағы нағашыларға бір барғанда нағашым кітаптарының ішінен осы Абайдың латын қарпіндегі өлеңдер жинағын сый етіп маған берген еді. Сол уақыттан бері кітап менің үйімде сақтаулы келді. Өздеріңіз білесіздер, биыл Абайдың туғанын 175 жыл, оның үстіне Елбасының бастамасымен қазақ тілін латын қарпіне көшіру жұмыстары да жүргізілуде. Осындай шақта кітаптың үйде сақталып тұрғанын жөн деп санамай, өзім тіл маманы болмағандықтаң арнайы мамандар қарап-көрсін деген ниетпен жарыққа шығардым, – дейді кітап иесі Мырзабек Тұйғанов.

Академиядағы тіл апталығы аясында Абай Құнанбайұылының туғанына 175 жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырылған. Кеш барысында кітаптың тұсаукесерін өткеруді жөн көрген.

– Академия қызметкері, полиция майоры Мырзабек Сардарбекұлының нағашы атасынан мұраға қалған Абайдың 1939 жылы латын қарпінде шыққан кітабының тұсаукесерін өткеруді ұйғардық. Біздің қолымызда тұрған екі томдықтың бірінші томы, екнші томы 1940 жылы Мұхтар Әуезовтың алғы сөзімен жарық көрген екен. Жалпы кітаптың сапасына тоқталатын болсам, сыртқы мұқабасы тозыңқыраған. Алғашқы беттеріндегі алғы сөздерден бірнеше бет және соңында түсініктемелерден бірнеше бет жоғалған. Ал, қалған өлеңдер мен поэмалары толық сақталған. Кеш барысында академия қызметкерлері мен курсанттарға кітапты таныстырып, кейін ресми түрде басшылықтың бастамасымен кітап академия мұражайына табысталатын болады, – деді коммуникация бөлімінің бастығы Құрбанәлі Ермұратов.

Әдеби кеш барысында академия курсанттары Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, әнін шырқады.Соңында кітап иесі Мырзабек Сардарбекұлы мұражай меңгерушісіне кітапты өз қолымен аманаттады.

Айта кету керек, академия мұражайында бұған дейін Мұхтар Әуезовтың домбырасы, сонымен бірге Шырақбек Қабылабевтың жеке бұйымдары мен қолжазбалары сақталған. Осы құнды жәдігерлерді данышпан Абайдың жыр жинақ кітабы толықтыратын болады.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77