COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

101941

Выздоровевших

107307

Зарегистрированных случаев

3465

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1671

Летальных случаев

Новости Социум

«Адал-И» жасаған жұмысына адал ма…?

Қаламызда ағаш кесу жұмыстары жүйелі жүргізілмеуде

Бірқатар көпқабатты үйлердің алаңдарында кесілген ағаштар, дәл сол құлаған күйі жатыр. Абай даңғылындағы 6-шы көпқабатты үйдің аумағында кесілген ағаштардан аяқ алып жүру мүмкін емес.

Тұрғынның айтуы бойынша, бұлай шашылып жиылмастан жатқанына бір айдың жүзі болған екен. Осының кесірінен балалары еркін есік ауласында серуендей алмай жүрген көрінеді. Құлаған ағаштар ойын аланың басып қалған.

Осы көпқабатты баспанаға қызмет жасайтын «СДС Костанай» пәтер иелері кооперативінің диспечеріне хабарласқанымызда.

– Ол ағаштарды біздің мекеме кескен жоқ. Онымен өзге мердігер ұйым айналысты. Біз неге шығын шығарып, өзгенің жұмысын істеуіміз керек, – деген жауап алдық.

Қалалық тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бұл сұрақтың жауабын бергендей болды.

Сектор-меңгерушісі Мирас Жомартұлының айтуына қарағанда бұл жұмыстармен «ТҮКШ, ЖК ЖӘНЕ АЖ» бөлімі айналыспаған.

Олар жасаған жұмыстарын дер кезінде артынша жинап отырған.

– Бұл жұмыстармен «Адал-И» ЖШС-і айналысқан. Ағаштар биіктеп өскен соң электор сымдарды үзіп кету қауіпі болған. Сол себепті ағаштарды кесіп тастаған. Артынша жұмыстар жасалып біткен соң жинастырып тазалауға уәде берген, алайда орындамаған.

Біз «Адал-И» ЖШС-не хабарласқанымызда, олар жауап беруден бас тартты.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген тұрғын


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77