Біздің Қостанай

«ADAL KÓMEK» акциясы аясында қаламызда жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

Жыл басынан бері жемқорлыққа қарсы 255 іс-шара өткізілген

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен 2020 жыл еріктілер жылы болып саналды, соның аясында «ADAL KОMEK» жобасы іске қосылды.

Оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету болып табылады.
Апта сайын, ай сайын түрлі акциялар мен сұрақ-жауап форматындағы кездесулер жүріп отырады.

Міне, 2 жылдан аса уақыт шамасында Қостанай қаласында көптеген іс-шаралар өтті. Соның бірі алдыңғы аптада өткен «ADAL KÓMEK» акциясы аясында қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметі мәселелері бойынша кездесу өтті.

– Адал көмек акциясы аясында барлық ашық мемлекеттік қызметтердің ашықтығы тақырыбында ақпарат беру барлық жерде жүріп жатыр. Бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп жатқан реформалар барысында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның қабылдануымен біз кәсіби аппараттың автоматты түрде қалыптасып жатқанына куә болудамыз. Мемлекеттік қызметтердің сапасы жақсаруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басым бағыттардың бірі мемлекеттік қызметке қабылдау және оны ілгерілету болды және болып қала береді. Осыған байланысты мемлекеттік қызметке кіру рәсімдерін жаңғырту жүргізілді. Мәселен бірінші кезекте мемлекеттік кірістер органдарында ашықтық қамтамасыз етілді, екіншіден бос лауазымдар туралы барлық конкурстық хабарландыру тиісті аумақтық мемлекеттік кіріс органының интернет ресурстарында жарияланады, – дейді Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының персоналмен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Светлана Генкель.

Жемқорлыққа қарсы кең ауқымда жаппай жұмыс жүргізілуде, жыл басынан бері 255 іс-шара өткізілді. Бұл кездесулер, дөңгелек үстелдер, дәрістер, семинарлар, брифингтер және басқа да іс-шаралар. Бұл іс-шараларға 4840 адам қатысты. Апта сайын бейсенбі күндері салық, заңсыз кәсіпкерлік қызметке қарсы іс-қимыл және т. б. мәселелері бойынша консультациялардың бірыңғай күндері өткізіледі.

– Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерді онлайн режимінде тіркеуге болады. Ол үшін банктің әртүрлі қосымшалары, сонымен қатар арнайы мобильді қосымшалар бар. Сондай-ақ, болашақта оны өз жұмысыңызда қолдана аласыз. Өзіңізге керекті анықтамаларыңызды көре аласыз, сізге қатысты ақпаратты ала аласыз. Өз ісімен айналысатын барлық азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Кәсіпкерлік кодекстің заңына сәйкес он екі жалақысы бар табыс алатын ҚР азаматтары міндетті түрде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелуі тиіс деген бапта көзделген, – дейді Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының заң бөлімінің бас маманы Жанна Турганова.

Мемлекеттік қызметкерлердің айтуынша, бұл мәселе күннен күнге жақсы жақтарын беріп жатыр. Істеген істер, ұйымдастырылған іс шаралар зая кетпегендігін де аңғарды.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77