«Өмірге үміт сыйла!» акциясы жалғасып жатыр
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қайырымдылық қоры еліміз бойынша «Өмірге үміт сыйла!» атты қайырымдылық шарасын бастағаны бәрімізге мәлім!
Соған орай Қостанай облысының өкілдігі де қайырымдылық жобасын қолға алды. Осынау игі шараға жалпы халық белсенділікпен қатысып, өздерінің көмектерін көрсетуде. Мәселен, бұл қайырымдылық жобасының бірінші кезеңінде 5 200 000 теңге қаражат жиналды. Оған Ресейдің Екатеринбург қаласынан 12 дана демалуға тікелей ықпалын тигізетін құрылғыларды қысқа мерзімде сатып алды.
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет пен өңірдегі «Зекет» қорының жетекшісі Мейрам Жүсіпбеков Қостанай қалалық емханасына 12 оттегі концентратор аппараттарын табыс етті. Аса қажетті аппараттарды жеткізуге «BEST KOSTANAY» және «ОЛЖА АГРО» мекемелері мұрындық болды.
«Өмірге үміт сыйла!» қайырымдылық акциясының екінші кезеңі де өзінің жалғасын тапты. Бауырлас Түркия мемлекетіне 2 325 000 теңгені құрайтын 10 демалу аппаратына тапсырыс берілді.
Облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтайдың айтуына қарағанда, шараның 3-ші кезеңінде облыстың Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы 30 оттегі концентратор құрылғысын алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 4-ші кезеңінде қазіргі таңда тапшы болып отырған дәрі-дәрмектерді алып беру қарастырылуда.
Құрметті жамағат, ардақты ағайын! Баршаңызды осы қайырымды да сауабы мол жобада ұйымшылдық танытуға шақырамыз! Атамыз қазақ «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп босқа айтпайды. Әрбір отандасымыздың өмірі бізге бәрінен де қымбат.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77