Қаламыздағы №28 мектеп-гимназиясының оқушылары ұлт көсемі жайында тың мәліметтер алып, білім көкжиектерін кеңейтті
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп нәрсенің ең қуаттысы тіл» деп айтып кеткен , ұлттық әліпби мен емленің реформаторы, тұңғыш ұлттық әліппенің авторы, қазақ ғылымын ұйымдастырушы, қоғам және мемлекет қайраткері, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Солардың бірі А.Байтұрсынов атындаңы Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында ашылған Ахмет Байтұрсынұлының мұражайында қаламыздағы №28 мектеп-гимназиясының 5 «А» «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары үшін «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты танымдық сағат өткізілді.
Ахаң атындағы мұражайға келген оқушыларға философия ғылымдарының докторы, профессор Қалқаман Жақып Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен, шығармашығынан мол мәлімет берді.
-Алаш ардақтысы әрдайым адам білімді болуы үшін көп оқуы, бай болу үшін кәсіп етуі, күшті болу үшін бірлігі мақты болуы керек деген өсиетін айналасындағыларға айтып отырған. Сондай-ақ халқының қамын ойлаған тұлғаның ызыңдаған маса сияқты қазақ ұлтын білімге шақыруының астарында үлкен мән жатыр. Ахмет Байтұрсынұлы балаларды ғана оқытып қоймай, ерексектерді де білім алуға шақырған. Білімді ұлт ғана еркіндік ала алатынын айтқан. Сондықтан сапалы білім алу дегеніміз, ертең еркін де тәуелсіз ғұмыр кешудің кепілі болатынын айтқан, – деді Қалқаман Хасенұлы тәлімдік сағатқа жиналған мектеп оқушыларына.
Осыдан кейін оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өлең жолдарын жатқа оқып, бір мысалынан көрініс көрсетті. Олар ұлт ұстазының «Егіннің бастары» деп аталатын мысалы желісінде, масағы дәнге толған бидайлардың бастары төмен салбырап, ал масағында дән жоқ жалғыз бидейдың көкке қарап, кекірейіп тұрғанының мәнісін айтып, өмірде де осы бидайлар сияқты адамдарда да мінез болатынын айтып, көкірек, өзімшілдік, бос кеуделіктен қалай аулақ болу керектігі жайында да тілге тиек етті.
Сондай-ақ мектеп оқушыларын Қалқаман Хасенұлы мұражайға қойылған Ахмет Байтұрсынұлының пайдаланған күміспен көмкеріліп жасалған таяғын, оның туған үйінің кірпішін, өз қолымен жазған үш парақ өмір дерегін, және «Маса» деп аталатын жинағының түп нұсқасын көрсетіп, кеңінен баяндап берді. Ұлт көсемінің 66 жыл ғана ғұмыр кешіп, осы уақыт ішінде 5 рет сотталып, екі рет айдауда болғанын айта келіп, оның қолданған дүниелерінің бүгінге дейін көбі жетпей қалғанына тоқталды.
Сондай-ақ ол өз сөзінде:
-Ахмет Байтұрсынұлы халқымды қалың ұйқыдан қалай оятамын, ол үшін маса сияқты ызыңдап, ұйықтатпай білім алуға, ізденуге, еңбектенуге шақыруым керек. Өзі басы қасында тұрған «Қазақ» газетінің әр санында қазақ ұлтын ұлт ретінде сақтап қалу үшін жігерді жанитын өткір мақалалар жариялап тұрған. Сол кездегі қазақтың бай бағыландарына қолдарыңдағы барларыңда өздеріңнің және балаларыңның білім алуына жаратыңдар, білімді халықтың ғана болашағы зор болмақ. Қазақ деген ұлттың өмір бойы орыстың боданында өтпеуі үшін, өз алдына еркіндік, тәуелсіздік алуы үшін білімді болуы қажет деген сөздері бүгін біздің бірдей бір тұтас, тәуелсіз мемлекет болып отыруымыздың бастамасы болды, – деді.
Оқуышылар тәрбиелік сағат барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Қалқаман Хасенұлымен кездесіп, Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық идеологияны қалыптастыруда жасаған ерен еңбегімен танысқандарына риза екендіктерін, білім көкжиектерін кеңейтіп, тың мәліметтерге қаныққандарын білдірді.
Осындай ұлты үшін туылған қайталанбас тұлғалардың өмірін, ерлігін жас толқын жете түсінген кезде ғана қазақ деген халықтың идеологиясы, тарихы, мәдениеті, әдебиеті жандана түспесе, сөнбейтіні белгілі.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77