Ұлт ұстазының мерейтойына орай облыс әкімдігінде кеңес өтті
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылатын іс-шаралардың жүзеге асырылуы бойынша кеңес өткізді,- деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. сайты.
Кеңес барысында, облыстық басқармалардың басшылары, Жангелдин ауданының әкімі, мердігер ұйымдардың өкілдері жоспарланған іс-шаралардың дайындық барысы туралы есеп берді.
Сондай-ақ Алматы қаласы мен Торғай ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы музейлердің директорлары сөз сөйледі.
Бүгінгі таңда Ақкөл ауылында медициналық пункт пен Ахмет Байтұрсынұлы ауылына дейінгі жолдың құрылысы жүріп жатқаны және елді-мекенде табиғи демалыс аймақтарын абаттандыру жұмыстары қарқын алғаны жайында хабарланды.
Кеңес қорытындысы бойынша әкім облыстық басқармалардың басшыларына, Жангелдин ауданының әкіміне барлық жоспарланған жоба мен іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау жөнінде тапсырма берді.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77