Біздің Қостанай Социум

“Аэропорт” шағын ауданы мерекеге белсенді атсалысуда 

Бүгінгі Қазақстан халықтарының достығы мерекесі күніне арналған іс-шаралардың бір легі Аэропорт шағын ауданында бастау алды

“Керуен” демалыс саябағында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени орталықтарының атсалысуымен би жарыс ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойнатылды.

Мерекелік сахна төрінде қаламыздың үлкенді-кішілі өнер ұжымдары концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Сондай-ақ, тұрғындар ұлттық тағамдардан дәм татып түрлі бағыттағы шеберлік сыныптарына белсенді түрде қатысты. Самаурын қайнату жарысы да орын алды. Бұл жерде самаурынның түр-түрін көруге болады.

Ал ақ жаулықты аналар ежелгі қол диірменмен ұн тарту әдісін көрсетіп, құрылғының кыр-сырын таныстырып жатты.

– Біздің ауданымға арнайы ат басын бұрып мереке сыйлап жатқан ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Мереке құтты болсын! Елімізде тыныштық, татулық болсын, – деді қала тұрғыны Бану Елтеева ақ батасын беріп. Бүгінгі бұлтты, салқын ауа райы да мерекеге шынайы ниетпен келген халықтың көңіл күйін бұза қойған жоқ.

Жан ШАЙМЕРДЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77