ЖКХ

“Аэропорт” шағын ауданында ашық люкті шыршамен жауып қойған

Естеріңізде болса  21 ақпанда “Әуежай” шағын ауданында 6 жасар қыз ашық жатқан  люкке құлап кеткен болатын. Бұл люктің иесіз екендігі анықталды, ол бірде-бір коммуналдық кәсіпорынның балансында тіркелмеген болып шықты.

Қала әкімнің айтуынша, қалада ондай люктер аз емес. Сол ретте Марат Жүндібаев “Айкомек” басшылығына бірінші кезекте ашық люктер бойынша келіп түскен өтінімдермен айналысларын қадап тапсырған болатын. “Егер мәселе бүгін келіп түссе, онда бүгін күннің соңына дейін шешілуі керек. Егер шағым кешке түссе, келесі күні ол люк жабылуы керек”, – деген болатын қала әкімі Марат Жүндібаев.

Дегенменен, қар еріп көктем келісімен қақпағы сынған немесе ашық жатқан люктерді жиі кездестіруге болады. Мысалы, бізге хабарласқан тағы да Аэропорт шағын ауданының тұрғындары болды. Олардың айтуынша Аэропорт, 5 мекенжайы бойынша орналасқан “Белая мама” балалар орталығының дәл алдында мына люктің қапағының ашық жатқанына бір аптадын асқан екен.

– Адам көп жүретін аумақ болғандықтан болар, қауіптің алдын-алу мақсатында болар біреулер оны көліктің дөңгелегімен бекітіп белгі қойған екен. Біраз уақыттан соң қарағай көшетін люкке тығып қойғанын көрдік. Бұл жаңа жылдан қалған қарағай ма әлде көше бойында өсіп тұрған жасыл желекті жұлып алған ба? Кім білсін, – деп таңқалысты бізге хабарласқан тұрғындар.

Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті түсірген автор

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77