Біздің Қостанай ЖКХ

«Аэропорт» шағын ауданында жаңа балабақшаның іргетасы қаланып жатқанын естіп қуанып қалдық

Қаламыздағы жаңа шағын аудандардың бірі «Аэропорт». Бұл аудан қаламызды әуе торабымен байланыстырып тұрған басты нысанның бірі болы саналатын аэропорт маңында орналасқан. Бір сөзбен айтқанда сырттан келетін қонақтарымыз әуежайға қона салып, қалаға қарай аттанған бетте бірден көзге түсетін жер де осы «Аэропорт» шағын ауданы

Бұл шағын ауданда бес және тоғыз қабатты үйлер орналасқан, мес мыңның үстінде тұрғыны бар.

Аталмыш ауданның құрылыс жұмыстары 2012 жылдан басталып әлі жалғасып жатыр. Дегенменен, аталмыш шағын ауданға бауыр басып қалған отбасылар да баршылық. Солардың бірі Есеновтер.

– Біз алғашқылырдың бірі болып аталмыш шағын ауданнан пәтерлі болғанымызда тек бір-екі үй ғана салынып біткен еді. Маңайда мектеп, дәріхана, дүкен болмады. Тас жол да кейін салынды. Маңайдың бәріне үйлер салынып, халық саны да арта түсті. Содан бері шағын ауданның балалары үшін мектеп, спорт кешені бой көтерді. Тіпті тұрғындар үшін жағалау бойына жайлы «Керуен» саябағы да салынды. Мұның бәрі халықтың тұрақтап қалуын көп септігін тигізді деп ойлаймын. Ең бастысы әр аулада балалар мен ересектерге арналған спорт алаңдары, спортпен айналысуға зор мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар орнатылған. Мұны күтіп ұстай білу ендігі өз қолымызда, – дейді Дариға Есенова.

«Аэропорт» шағын ауданында орналасқан «Қостанай» спорттық-ойын сауық кешені 2018 жылы қолдануға берілген екен. Ғимараттын аумағы 3980 кв. метрді құрайды. Спорттық-ойын сауық кешенінде бірнеше спорт түрінен үйірмелер жұмыс атқарады. Соның ішінде волейболдан үш жаттықтырыушы 10 топпен, тоғызқұмалақтан 1 жаттықтырушы төрт топпен, үстел тенисінен бір жаттықтырушы бір топпен жұмыс істейді екен.

– Біздің ғимаратта үйірмелердің сыртында қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлердегі жарыстар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар жыл сайын жаңа оқу жылы басталған кезде үйірмелерге қатысушы балалардың саны артып отырады. Біздің зал спорттық нормативтерге сай жабдықталған, – деді директордың оқу ісі бойынша орынбасары Илона Александровна.

Сондай-ақ, шағын ауданның басты ғимараттарының бірі мектеп. Алғашында нөмірі 28 мектеп ретінде ашылған білім ордасына былтырғы жылы ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейханның аты беріліп дүйім жұртты қуанышқа бөледі. Бұл мектеп тоғыз жүз орынға арналған, бүгінгі күні екі ауысыммен мың екі жүзден астам бала білім алуда. Сонымен қатар мектеп жанынан ашылған шағын орталықта жетпіс бес бүлдіршін тәрбиеленуде.

Шағын ауданның қақ ортасынан қаламен қатынасты жалғап тұрған қоғамдық көлік қатынасы бар. Әрине, бүгінгі күні шағын ауданға тек нөмірі 3 және нөмірі 5 автобустар ғана жүреді. Жыл санап халық саны көбейіп келе жатқан шағын аудан тұрғындары үшін бұл жеткіліксіз екенін осыған дейін де естіп келеміз. Өйткені тұрғындардың басым бөлігі жұмысқа, сабаққа және ауруханаға да қоғамдық көлікпен қатынауға мәжбүр. Шағын ауданда жұмыс орыны аз сонымен қатар балабақшаның жоқтығынан балаларын орталыққа тасуға тура келеді. Ендігі кезекте «Аэропорт» шағын ауданында 280 орындық балабақшаның іргетасы қаланып жатқанын естіп тағы бір қуанып қалдық. Десек те әлі де құрылысы біптеген үйлер де баршылық, сонымен қатар жеке құрылыс компаниялардың салып жатқан баспаналарына да жаңадан қоныстанушылар болатынын ойлаған тұрғындар болашақта қоғамдық көліктің саны артса нұр үстіне нұр болар еді деген тілектерін де жасырмады.

Ең басты мәселенің бірі «Аэропорт» шағын ауданының тұрғындары үшін медициналық орталықтың алыстығы. Олар Уральская көшесінде орналасқан нөмірі бесінші «Жемчужина» поликлиникасына баруға мәжбүр. Тіпті поликлиниканың жүктемелігі арқаны соншалық, біраз тұрғындар Қаланың арғы басындағы нөмірі екінші поликлиникаға тіркелулеріне тура келген. Көптің тілегі «Аэропорт» шағын ауданының өз аумағында поликлинкасы, мәдениет үйі, полиция пункті, тіпті қоғамдық моншасы болса да артықтық етпейді дейді. Әзірге арман, мүмкін болашақта тілектері орындалып қалар деген үміттері бар.

Ал бір қуанғанымыз жаңа шағын аудандағы көпқабатты үйлердің маңы биылғы жылы ерекше гүлге оранғанын байқадық. Халық өз меншігіне жауапкершілікпен қарауға үйреніп келді. Оған себеп тұрғындар өздерінің пәтерлерін ендігі кезекте ПИТК-нен (пәтер иелерінің тұтыну копиративі) шығарып алып МИБ (меншік иелерінің бірлестігін) құрып өз алдарына төраға сайлап, абаттандыру, жөндеу жұмыстарына көңіл бөлгендерін айтады. Мысалы Герасимова көшесінде орналасқан 7, 8 үйлердің тұрғындары үйге кіреберіс есік алдын тіпті жасыл желекке ораған. Айтуларынша МИБ-не ауысқалы жиналған ақша тұрғындардың талап-тілектеріне сай жұмсалатын болыпты.

Биылғы жылдың мамыр айынан бастап «Аэропорт» шағын ауданында жылу құбырларына толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір жағынан жылу жүйесі жаңаланып қалатын болды деп қуанған халық, екінші жағынан жаз бойы ыстық су көрмей қиналуда. Біреулері қыстың қамын жаз ойла дегендей суық түскенше жөндеу аяталып үйімізге уақытылы жылу берілсе де шүкір дейді. Ендігілері мектеп басталғанша жөндеу жұмыстарын бітіріп берсе болды, балаларымыз мектепке барамыз деп орға түсіп мертігіп қалмаса етті деп алаңдаулы. Ал, шағын ауданның бірқатар тұрғындары тамаша тротуарлар мен ағаш көшеттері, тіпті кәріз люктерінің қақпақтары жылу құбырын жөндеу барысында қирап, тас-талқаны шықты. Жаяу жүргіншілер жолы жермен жексен болды. Мұны енді қашан қалыпқа келтіріп береді деп шағымдануда. Біз де халықтың бұл сұрағына жауап іздеп Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясына хабарласқан хабарласқан болатынбыз.

Герасимов көшесіндегі жылу желісін полиэтилен қабығында полиуретанды оқшаулағышы бар болат құбырлардан монтаждаумен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым – «ДАНИеР» өндірістік сауда-құрылыс фирмасы ЖШС, Ақсу қаласы, Павлодар облысынан. Жобада диаметрі 426 мм және 530 мм болатын 985,4 м трассаны ауыстыру көзделген. 2023 жылы жобаны іске асыруға бюджеттен 988,392 млн теңге бөлінді. Шағын ауданға ыстық су беру 5 қыркүйектен кешіктірілмей, ал жұмыстар жүргізілгеннен кейін абаттандыруды орындау қыркүйек айының соңына дейін жоспарланған. Әзірге жоспарларда өзгерістер жоқ деп Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясының әкімшілігі бізге қысқа жауап қайтарды. Кейін белгілі болғандай «Аэропорт» шағын ауданын ыстық суға қосу жұмыстары жоспар бойынша бірі мен оныншы қыркүйек аралығында кезекпен қосу жүргізіледі деді қала әкімдігінде. «Аэропорт» шағын ауданындағы жылу жүйесінің жөндеу жұмыстарының қарқыны қала әкімінің бақылауында, сондықтан тұрғындардың еш аландамауына болады деуге болады. Сол сияқты басқа мәселелер де шешімін табатынына сенім артамыз.

Жан ШАЙМЕРДЕН,
суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77