Культура

Айтыс ақынына арналған библиографиялық құралы дайындалды

Онда Халық ақыны Әсия Беркенованың өмірі мен шығармашылығы жайында мәліметтер берілген

Л. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы Қазақстанның халық ақыны, танымал айтыскер, ұлағатты ұстаз, қасиетті қара домбырамен үндесе жырлаған, қазақтың қара өлеңінің даңқын көкке көтеріп жүріп, ақын жанды, асыл текті бабалар мұрасын өскелең ұрпақ рухына сіңіруші қазақтың қайсар қызы, өр намысты Әсия Беркенованың 70 жасқа толуына арналған дербес әдебиет көрсеткішін дайындады.

Қазақстанның халық ақыны, танымал айтыскер, ұлағатты ұстаз Әсия Беркенова Қостанай облысы Әулиекөл (Семиозер) ауданы Сұлукөл ауылында дүниеге келген.

1972-1997 жылдар аралығында Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітіріп, Науырзым, Әулиекөл аудандарында 25 жыл ұстаздық қызмет еткен.

Айтысқа 1980 жылдан бері қатысып келеді. 1990 жылы еліміздің мәдениетін өркендетуге сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның халық ақыны» құрметті атағына ие болған.

Аталмыш құралда оның өмірі мен шығармашылығы жайында көптеген ақпарат жинақталған. Мұнда материалдар қазақ және орыс тілдерінде берілген. Екі тілде жасалған дербес әдебиет көрсеткіш өте пайдалы құрал десек болады.

Бұл библиографиялық құрал мәдениет қызметкерлеріне, әдебиетшілерге, оқытушыларға, студенттерге және көпшілік оқырманға арналған. Көрсеткіштің материалы www.kstounb.kz сайтында орналастырылған.

Облыстық кітапхананың қызметкері Марал Құсайынованың айтуына қарағанда, өңірімізден шыққан айтыс ақыны Әсия Беркенова жөніндегі библиографиялық құралдың алар орны ерекше. Мұндағы құнды мәлеметтер кімнің болмасын қызығушылығын тудыратын болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77