Тілдерді дамыту басқармасы 94 жастағы әжейге қуаныш сыйлады
Қасиетті Рамазан көптеген қайырымдылық шаралары орын алып, адамдар бір-біріне бауырмалдық танытып, ораза ұстағандарға көмек беруге тырысатын ай екені баршамызға белгілі.
Осы орайда, облыстық тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғыны 94 жастағы Кәмила Курумбаеваның үйіне барып, азық-түлік табыс етті.
Басқарма қызметкерлерінің арнайы келіп, көңіл бөліп, сый-сияпат жасағандарына Кәмила әжей шын жүректен алғысын білдірді.
– Біздің ұжым жыл сайын Рамазан айында қайырымдылық жасауды дәстүрге айналдырған. Биылда осы сауабы мол істі жалғастыруды жөн санадық, – дейді басқарманың бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.
Әрдайым бір-бірімізге қайырымды болайық. Отыз күн оразада жасалға игі істердің сауабы мол болғай.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77