Біздің Қостанай Правопорядок

Акция аясында тұрғындарға ақпараттық парақшалар үлестірілді

Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Қостанай қаласының аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясын өткізілуде

Бұл акцияның мақсаты-әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, сондай-ақ отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы халықтың қалың тобын таныстыру. Жастар арасында, яғни студенттермен де кездесулер өткізіліп, брошюралар берілді.

Полиция қызметкерлері проблемалық мекенжайларға барады, дебоширлерді тексереді және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы жанжалдар кезіндегі іс-қимыл тәртібін түсіндіреді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге «Тікелей желі» байланыс деректері бар буклеттер, жадынамалар мен брошюралар таратылады.

– Ағымдағы жылдың басынан бастап жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отбасылық агрессорларға қатысты 2500- ден астам қорғау ұйғарымы шығарылды және 600-ден астам адамға қатысты мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленді, – деп атап өтті Қостанай қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Галина Демирова.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, акцияны өткізу кезеңінде тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім тұрғылықты жері бойынша тексерумен адамдарды толық қамту қамтамасыз етілді, тұрғылықты жері бойынша әртүрлі санаттар бойынша ІІО-да есепте тұрған 2868 адам тексерілді. Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отбасылық агрессорларға қатысты 32 қорғаныс ұйғарымы шығарылды, 14 адамға қатысты мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленді. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер) бойынша әкімшілік жауапкершілікке 32 адам жауапқа тартылды.

Профилактикалық іс-шараларды, ақпараттық-түсіндіру буклеттерін таратумен дөңгелек үстелдерді өткізу кезінде үкіметтік емес ұйымдар жұмылдырылды, орта және жоғары оқу орындарының өкілдері тартылды.

Ағымдағы жылдың басынан Қостанай қаласының аумағында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша 900-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне тап болса, сенім телефондары арқылы хабарласыңыз: «Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы» 53-22-35, 150, 111.

Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған
полиция баспасөз орталығы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77