ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының даму концепциясы талданды
Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатыр. 2018-2021 жылдарға арналған тиісті Жол картасы бекітілді. Жалпы Жол картасымен жаңғыртудың 9 бағыты анықталған болатын. Өңірлік коммуникация қызметі алаңында кадрларды іріктеу мен даярлаудың тиімділігін арттыруға, ведомстволық білім беруді жаңғыртуға қатысты үшінші бағыттың жекелеген мәселелері талқыланды.
Полиция кадрларын даярлаудың үлкен тәжірибесі мен қалыптасқан жүйесіне қарамастан, қызметкерлердің қазіргі жұмыс жағдайлары, бірқатар сыртқы сын-қатерлердің өзектілігі, жедел жағдайдың өзгеруі, сондай-ақ халықтың жалпы білім деңгейі, ведомстволық білім беруді түбегейлі түзетуді талап етеді. Реформалау жан-жақты дамыған және дайындалған, оның ішінде психологиялық тұрақты, ойлау қабілеті дамыған қызметкер дайындауға бағытталуы тиіс.
Яғни, полиция қызметкерінің жаңа стандартын қалыптастыру дегеніміз, моральдық тазалықпен, патриотизм және мықты дене дайындығымен қаруланған жоғары білікті маман даярлау. Ведомстволық білім беру жүйесін оңтайландыру жүйесім бойынша жұмыстар басталып кетті. Қазіргі 12 оқу орынның ішінен тек 5 оқу орын қалдырылмақ, оның ішінде Қостанайдағы Академия сақталады.
– Академия әкімшілік полиция (бітірушілердің 60% – ы, мамандығы – құқық қорғау қызметі) және қылмыстық-атқару жүйесі (түлектердің 40% – ы, мамандығы – құқық қорғау қызметі, педагогика және психология (64), әлеуметтік жұмыс (31) үшін бакалаврларды дайындайды, – деді ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, заң ғылымдарының докторы, доцент, полиция полковнигі Нұрлан Биекенов.
Дәл қазіргі сәтте академияда магистратурада (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 39 адам оқып жатыр. 2018 жылдың қазан айында докторантура бағдарламасы бойынша (3 жыл) даярлауға лицензия алынды, бірінші қабылдау 2020 жылға жоспарланған. Бүгінде ЖОО-да 1200-ден астам адам, оның ішінде 29 Тәжікстан азаматы білім алуда.
– Академия 2019 жылдың қыркүйегінен бастап келесі санаттағы кәсіптік бастапқы даярлық аясында жоғары білімі бар тұлғаларды оқытуға кіріседі. Учаскелік инспекторлар және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, оқу мерзімі – 3 ай. Психологтар, ҚАЖ және пробация қызметкерлері, оқу мерзімі – 3 ай. ҚАЖ жедел қызметкерлері, оқу мерзімі – 6 ай болмақ, – деді Нұрлан Амангелдіұлы.
Қостанай академиясы Жол картасының үшінші бағытын орындау үшін 2021 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын әзірленген. Ол ЖОО-ның Ғылыми кеңесімен мақұлданды. Негізгі ережелері төмендегідей. Азаматтық жоғары оқу орындарының 2-4 курс студенттерін факультативтік қолданбалы оқыту үшін «Полиция кафедрасы» жобасы ұсынылмақ.
Оның мәні ЖОО-да олар қылмыстық құқықты зерделейді, содай-ақ қылмысты саралау бойынша арнайы курс өткізіледі. «Әкімшілік құқық» университеттік курсы , «Әкімшілік қызметпен» және «Хаттамалар жасау бойынша практикуммен» толықтырылады. «Криминалистика» оқиға орнын қарау бойынша практикалық сабақтарымен толықтырылады. Сонымен қатар, студенттер жауынгерлік даярлық негіздеріне оқытудан өтеді және 2-3 жыл ішінде мамандығын анықтайды. Қосымша мамандандыруды таңдау кезінде кеңестер беретін психологтар тартылатын болады.
Екінші бағыты бойынша оқу процесін жетілдіру аясында полицейлерді даярлаудың жаңа форматына көшу бойынша үлкен әдістемелік жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Академия әкімшілік полиция қызметкерлерін дайындау үшін авторлық бағдарлама әзірледі. Оның үлгіліктен ерекшелігі оқу процесін блоктар мен пәндер бойынша емес, оны талап етілетін нақты білім, дағды мен шеберліктің айналасында құру болып табылады.
Академия басшысының айтуына қарағанда, тағылымдамадан өтушіге келесі модульдер ұсынылады. Теориялық материал порциялармен берілген және практикалық жаттығулармен бекітілген интеграцияланған сабақтар. «Құқықбұзушылық туралы хабарлама немесе өтініш алған кездегі іс-әрекеттер», «Әкімшілік-аумақтық учаскеде қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыру», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу», «Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру және есепте тұрған адамдардың құқықбұзушылықтарының алдын алу» және өзгелері. Жаңа міндеттерді шешу шеңберінде тек ІІО ғана емес, басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың практикалық қызметкерлерін тарту арқылы оқытудың қолданбалы бағытын кеңейту көзделіп отыр.
Академияның құрылымдық жетілдірілуі де осы міндетке бағытталған. жазаларды орындау, ІІО әкімшілік қызмет, сотқа дейінгі және жедел-криминалистикалық дайындықты ұйымдастыру, кәсіби-психологиялық дайындық, ІІО-да әлеуметтік жұмысты басқару және ұйымдастыру кафедраларын құру жоспарлануда.
Үшінші бағыты Ғылыми қызметті дамыту шеңберінде Академия құрылымында Қылмыстық-атқару жүйесі ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру мәселесі пысықталуда. Алғашқы маңызды жобалар ретінде бірінші «түрмелік» санағын өткізу және Академия сайтында ҚАК-ға белсенді ғылыми-практикалық түсініктеме әзірлеу қолға алынады.
– ҒЗИ құрылымына үш орталық кіреді: қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны орындау, қоғамнан оқшаулауға байланысты және ұйымдастыру-талдау мәселелерін зерттеу бойынша. Сонымен қатар, БҰҰ ЕҚБ қолдауымен экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталғандармен теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастырудың жаңа орталығын ашу жоспарлануда. Өз күшімізбен Академияның ақпараттық-талдау порталы әзірленді, ол оқу процесін қанағаттандыру үшін ғана емес, сонымен қатар практикалық қызметкерлердің қажеттіліктеріне де бағытталған. Оны алғашқы толтыру және тестілеу аяқталғаннан кейін ол ведомстволық ақпараттық жүйе ретінде пайдалану үшін таныстырылады. Сынақ нұсқасын Академия сайтынан көруге болады, – дейді Нұрлан Биекенов.
Интеграциялық байланыстарды одан әрі дамыту шеңберінде Академия полиция академияларының халықаралық қауымдастығы (ИНТЕРПА) желісі бойынша және жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарды кеңейту бойынша жұмысты жалғастырады.
Пробация орталығына өңірлік мәртебе беру мәселесі пысықталатын болады.
Осылайша, белгіленген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде ішкі істер органдарының кадрлық құрамы қоғамымыздың сұраныстарына жауап беретін білікті қызметкерлермен толығады.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77