Социум

Аким Костаная поздравляет горожан с наступающим Новым годом

Приводим полный текст поздравления.

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке әрдайым жаңа өзгерістерді күту, тың жоспарлар құру және жарқын болашаққа деген үмітпен байланысты. Біз өткен жылға қорытынды жасап, жүріп өткен жолымызды саралап, алдағы күндерге сеніммен көз тігеміз.

Өтіп бара жатқан жыл Қостанай үшін нәтижелі еңбек пен маңызды шешімдерге толы кезең болды. Қала дамып, жаңарып, бұрынғыдан да жайлы әрі заманауи бола түсті. Мұның барлығы өз қаласының болашағына бейжай қарамайтын тұрғындардың, еңбек ұжымдарының, түрлі сала мамандары мен белсенді қостанайлықтардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Алда жаңа жыл және жаңа міндеттер тұр. Біз қала инфрақұрылымын, әлеуметтік саланы дамыту, абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмысты одан әрі күшейтеміз. Біріге отырып, алға қойған мақсаттарды жүзеге асырып, Қостанайды өмір сүруге одан әрі жайлы қалаға айналдыратынымызға сенімдімін.
Жаңа жыл қарсаңында әр шаңыраққа – жылулық пен береке, әр отбасына – тыныштық пен татулық, әр тұрғынға – зор денсаулық, сенім мен тұрақтылық тілеймін. 2026 жыл жарқын өзгерістерге, жаңа мүмкіндіктерге толы болып, туған қаламыз үшін мақтаныш сезімін сыйласын.

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі
Марат ЖҮНДІБАЕВ

Уважаемые костанайцы!

Поздравляю вас с наступающим Новым годом!

Этот праздник всегда связан с ожиданием перемен, новыми планами и надеждой на лучшее. Мы подводим итоги, оцениваем пройденный путь и с уверенностью смотрим вперед.

Уходящий год стал для Костаная временем плодотворной работы и важных решений. Город развивался, менялся, становился более комфортным и современным. Все это – результат совместных усилий жителей, трудовых коллективов, специалистов разных сфер и активных горожан, которым небезразлично будущее нашего города.

Впереди – новый год и новые задачи. Мы продолжим системную работу по развитию городской инфраструктуры, социальной сферы, благоустройству и созданию безопасной, удобной среды для наших горожан. Уверен, что вместе мы сможем реализовать намеченные планы и сделать Костанай еще более комфортным и удобным для жизни.

В канун Нового года желаю каждому дому – тепла и уюта, каждой семье – мира и согласия, каждому жителю – здоровья, уверенности и стабильности. Пусть 2026 год принесет добрые перемены, новые возможности и поводы для гордости за наш город.

С Новым годом!

С уважением,
аким Костаная
Марат ЖУНДУБАЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77