Өз мамандығын жетік меңгерген Дәметкен Әлімбаева жайлы сөз
Кейіпкермен кездесу
Арамызда жұртшылықтың ризашылығына бөленіп, мамандығына адалдық танытып келе жатқан ақ халатты абзал жандар аз емес. Мұндай жан-жақты білімді жандарды Қостанай шаһарынан да кездестіруге әбден болады.
Жуырда облыс орталығындағы №1 емханада арнайы болып, осында уақытпен санаспай жұмыс істеп жатқан медбибілердің тыныс-тіршілігімен де танысқан едім.
Солардың бірі – кейіпкерім Дәметкен Әлімбаева. Ол өзінің уақытының тығыздығына қарамастан газет қызметкер екенімді білгендіктен менімен ашық-жарқын сөйоесті. Мінезі өте жайдары екен. Сондықтан болар, екеуіміз тез тіл табысып кеттік.
Ерекше байқағаным ол өзінен гөрі әріптестері жайлы сыр шерткенді ұнатады. Бұл бәлкім оның бойындағы қарапайымдылығынан да шығар.
Сондай-ақ тағы түйгенім ол сөздің емес істің адамы. Мұндай қасиет тәрибеленген ортасынан дарығаны сөзсіз. Өйткені, ол бала кезінен бастап медицина саласында қызмет етуді армандады.
Арман алдамайды екен. Мектепте жақсы оқып, ұстаздарынан тиянақты білім алған қыз Қорған облысы Шадринск қаласындағы медициналық училищеге студент болып қабылданды.
Бұл білім ордасында да тек ғана жақсы жағынан көрінді. Алдыңғы қатарлы шәкірттердің бірі атанды. Сол кездегі ұстаздарынан көп тағылым алды.
Осы медициналық училищені ойдағыдай тәмәмдаған соң Қорған шаһарында арнайы жолдамамен 3 жыл таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеді.
Содан кейін кіндік қаны тамған өңірге оралды. Бұл кезде ол әжептеуір тәжірибе жинақтап, білікті мамандар қатарына қосылып қалған еді.
Туған жердің түтіні де ыстық
Оның айтуына қарағанда, өзі Қостанай облысына қарасты Ұзынкөл ауданы, Жаңатілек ауылында қарапайым ғана отбасында дүниеге келген.
Өзі жастайынан еңбекқор болып өсті. Ардақты әкесі Механизатор болды. Ол жыл он екі ай тынбай науқанды жұмыстардың бел ортасында жүрді.
Анасы үйшаруашылығындағы әйел еді. Ынтымағы жарасқан отбасында 8 бала тәрбиеленді. Бұл кішкентайынан әке-шешесінің сүйікті перзенті болды.
Мамандық таңдар кезде олармен ақылдасып, бір шешімге келді. Мектепте жақсы оқыған бойжеткен Қорған облысынан бірақ шыққан еді.
Жылдар өте берді. Мұның да медицина саласындағы тәжірибесі артып, өз саласының нағыз білгірі атанды. Ол бізге адам жанының арашасы болу үлкен міндет жүктейтіндігін баяндады.
Медбикелер әдетте дәрігердің тағайындаған емін жасайды. Сондықтан да әрбір кісімен бұрыннан білетіндей тез тіл табысып кетеді. Жас кезінде әкесі бұларға алғыспен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді деген аталы сөзді жиі айтатын.
Бұлар соның бәрін де көкейлеріне тоқып алған-ды. Одан жаман болған жоқ. Егер осы күндері өмірде бірдеңеге қолы жеткен болса, бәрі де ата-анасының ұлағатты сөздерінің ұстаздарының тиянақты білімінің және өзінің тынымсыз еңбегінің арқасы десек орынды болар.
Қыз баланың тіршіліктегі мақсатының бірі – отбасын құрып, ана атану екендігі баршаға мәлім. Қазақтың жігіті Ғалымжанмен көңілдері жарасып, жеке шаңырақ көтерді.
Уақыт өте қос перзенті дүниеге келіп, бұлардың отбасындағы қуанышы арта түсті. Қазір ұлдары Қуандық, қыздары Динара бұлардың тіршіліктегі бақыты әрі ғұмырларының мәні. Үш немерелері ата-әжелерінің мақтанышы.
Олар қазір бақытты жандар. Кейіпкерім Дәметкен Әлімбаеваның №1 емханада үздіксіз қызмет атқарып келе жатқанына да 30 жылға таяп қалды.
Бұл аз уақыт емес. Қазіргі таңда ол өз саласын бүге-шігесіне дейін жетік білетін білікті маман. Әріптестері арасында өте беделді. Қала тұрғындары оның тәжірибелі медбибі екендігін жақсы біледі.
Ол қоғам байлығы денсаулық деп есептейді. Денсаулығы мықты адам ғана елімізді өркендетеді деп санайды. Сол сетептен де әрдайым әу баста қалаған кәсібіне өте жауапкершілікпен қарайды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77