Новости Социум

Қала әкімі «Наш Костанай» газетінің ұжымымен кездесті

Онда газеттің жаңа басшысымен журналистер қауымын таныстырды


Бүгін «Наш Костанай» газетінің редакциясына қала әкімі Қайрат Ахметов арнайы ат басын бұрып, мұндағы журналистерді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтап, алдағы қызметтеріне мол табыс тіледі.

Кездесу барысында, редакцияның бүгінде жеткен жетістіктері жайында жан-жақты айтылды. Сондай-ақ шаһар басшысы Қостанай қаласының айнасына айналып отырған «Наш Костанай» газетінің ұжымының жұмысына толық көңілі толатынын айта келе, бірқатар қызметкерлерге грамоталар табыс етті.

Сонымен қатар қала басшысы жиналған газет қызметкерлерін басылымның жаңа бас директормен таныстырды.

«Наш Костанай» газетінің басшысы болып Асқар Болатұлы Жабаев тағайындалды.

Ол осыған дейін «АТАМЕКЕН-ДОС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болған.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77