Қарды ауқымды тазарту өткен аптада болуы керек еді, бірақ қатты аязға байланысты сенбілік тоқтатылды.
Енді осы апта аяғына дейін қалалық сенбілік жалғасады. Жұмыстардың қалай жүріп жатқандығын қала әкімі Марат Жүндібаев тексеріп кетті.
– Қазір арнайы техника әлеуметтік нысандарда – мектептерде, балабақшаларда, емханалар мен ауруханаларда белсенді жұмыс істейді. Мердігер ұйымдардың қызметкерлері “Дружба” тұрғын алабы мен “Қонай” шағын ауданында да еңбек етуде. Қарды тазарту, әдетте, бірінші кезекте су басу қаупі бар аудандардан басталады. Сондықтан Қостанай-2 ауданында ерекше назар аударылуда. Мұнда 20-дан астам арнайы техника жұмыс істеуде, – дейді қала әкімі.
Айта кету керек, қысқы сенбілік аясында жеке сектор тұрғындары қарды коммуналдық қызметтер алып кететін іргелес аумаққа шығара алады.
– Мен осында 20 жылға жуық уақыт тұрып жатырмын. Көбісінің жертөлелерін су басып жатады. Осылай техникалардың келіп, қарды жинап, алып кеткендігі біз үшін үлкен көмек. Өйткені біз ауладағы қарды сыртқа шығарып қоя саламыз, – дейді қала тұрғындардың бірі.
Әлеуметтік нысандар аумағынан қардан тазартуды үш-төрт күн ішінде аяқтау жоспарлануда. Жалпы қала бойынша 100-ден астам арнайы техника жұмыс істейді. Қазір күн жылы болғандықтан қар еруі басталады, сондықтан кейбір аумақтарда күні-түні қар тазаланады.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77