Образование

Қала мектептерінде жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр

Кейбір білім ошақтарына тиісті жөндеу жұмыстары жасалған

Жаз басталысымен қаламыздағы білім ордаларында күрделі немесе ағымдық жөндеу жұмыстары басталатыны белгілі. Келесі оқу жылына дейін облыс орталығындағы мектептерге керекті жөндеу түрлері жасалып, сақадай сай қыркүйек айында оқушыларға есігін айқара ашады.

Осы ретте 2020-2021 жылдары білім беру ұйымдарындағы жөндеу-құрылыс жұмыстары жайында мәлімет алу мақсатымен қалалық білім бөліміне арнайы барып, сауалдарымызға жауап алған болатынбыз.

Қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, ағымдағы жылдың ақпан айында №23, №9, №13, №25 мектептерін және №6 бөбекжай-балабақшасын күрделі жөндеулерден өткізуге арналған жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурстар жарияланған. Аталған ұйымдар бойынша жобалау-сметалық құжаттама бүгінгі күні әзірлену сатысында екен. 2021 жылдың шілде айында орындалатын болады. Барлық жобалар бойынша мемлекеттік сараптаманы 2021 жылдың қараша айында алу жоспарланып отыр. Бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда осы ұйымдарда күрделі жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталатын болады.

Ал 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында №4, №6, №17, №19 орта мектептері мен №27 балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылдың жазында қалалық бюджеттің қаражаты есебінен 19 білім беру ұйымына 16 мектеп, 2-бала бақша, 1-мектептен тыс мекемеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осылайша, 2021 жылдың жаз мезгілінде жанбасына қаржыландыру аясында 15 білім беру ұйымдарында №1, 2, 5, 7, 8,10,15, 16,18, 20, 22, 28, 122, С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназия және №44 бала бақшасында жалпы соммасы 131,720 млн теңгені құраған ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Әбіл ДОСЖАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77