Образование

Қала мектептерінің бірінде облыстық “Зерде” ғылыми жоба сайысы өтті

Бүгін, яғни қарашаның 11 күні, Қостанай қаласындағы №18 мектепте облыстық «Зерде» ғылыми жоба сайысы өтті

Оқушылардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында Қостанай «Дарын» ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған ғылыми жоба сайысына Ы.Алтынсарин атындағы мамандандарылған мектеп-гимназия-интернатының 6 «Б» сынып оқушылары Сапаргалиева Жансая мен Хаджабай Әсел қатысты. «Бердібек Соқпақбаев шығармасындағы адамгершілік мәселенің Абай өлеңдерімен үндестігі» тақырыбында ғылыми жоба қорғап шыққан Жансая мен Әсел өз қатарластарынан оза шауып, бас жүлдені жеңіп алды.

Қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Булекбаева


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77