Новости Социум

Қала тұрғындарының назарына!

Ашық кәріз құдықтарын көрсеңіздер хабар беріңіздер

Беті жабылмаған кәріз құдықтары қашанда адам өміріне үлкен қауіп болып табылады.

Әсіресе, жаз айларында ашық қалған кәріз құдықтары саны арта түседі. Сондықтан осы жайдары мезгілде қайғылы жағдай орын алмас үшін «Қостанай-су» коммуналдық кәсірорнының баспасөз қызметі қала тұрғындарын бұл мәселенің алдын алуға үлес қосуға шақырады.

Егер, сіздер тұрып жатқан көшеден немесе басқа да жүрген жерлеріңізде беті ашық қалған кәріз құдығын көрсеңіздер дереу 22-25-00, 22-88-47 қоңырау шалып, немесе WhatsApp 8-705-661-71-81 нөмірлеріне хабарлама жазуларыңызды сұрайды.

Сіздердің дере кезінде берген хабарламаларыңыздың арқасында бірнеше қайғылы оқиғылардың алдын алуға болады.

Сондықтан өз өмірімізге селсоқтық танытпай, қоғамның саулығы үшін бірге атсалысайық.

Ең бастысы жоғарыда аталған телефон нөмірлеріне хабарласып, беті ашық жатқан кәріз құдығының нақты орнын хабарлаңыздар.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77