Социум

Қалалық Н.Островский атындағы кітапханада «СөйлеTime» клубы ашылды

Басты мақсат оқырмандарды қазақ тілін жете түсініп, ойын еркін жеткізу үйрету

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Н.Островский атындағы орталық қалалық кітапханасында қазақ тілін еркін форматта үйрететін «СөйлеTime» клубы ашылды.

Бұл бастаманың мақсаты – қалалық кітапханаға жиі бассұғатын оқырмандар қауымына мемлекеттік тілді үйрету. Қазақ тілінде еркін түсініп, ойларын жеткізе алатындай деңгейге жеткізу.

Кітапханада ашылған «СөйлеTime» клубының алғашқы сабағында қазақ тілін үйренуге ниет білдірген оқырмандар, мемлекеттік тілді үйрету мақсатында қойған сауалдарға дұрыс жауап беріп, мүмкіндігінше ойларын қазақ тілінде жеткізді. Тіл үйренуге деген қызығушылықтарын танытты.

– Кітапханамызға жиі келетін оқырмандарға арнап «СөйлеTime» клубын аштық. Клуб жұмысын бастап та кетті. Біздің кітапхана қаланың орталығында орналасқандықтан келушілер де өте көп. Олар өздерінің сүйіп оқитын авторларының еңбектерін іздеп келеді. Енді кітапхана ішінен қазақ тілін үйрететін клубтың да ашылғанын біліп жатыр. Оқырмандар тарапынан мемлекеттік тілді меңгерсем дейтін жандар жеткілікті. Болашақта осындай талапты жандарға қазақ тілін үйрететін боламыз дейді, – кітапханашы Ботагөз Дүйсебаева.

Иә, бүгінде өңірімізде қазақ тілін меңгерем деген жанға барлық жағдай жасалған. Тек ниет түзу болса болғаны.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77