Социум

Қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ауласына 16 түп жасыл шырша егілді

Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек

Қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері имандылық ордасының ауласына жасыл шырша отырғызуды көптен бері ойластырып жүрген еді.

Соның сәті осы жақында ғана түсті. Оның жүзеге асуына демеушілер, намазхандар мен дін жанашырлары белсене атсалысты. Сөйтіп мешіттің ауласына он алты түп жасыл шырша отырғызылды.

Мешіттің бас имамы Шоқан қажы Ғазезұлы бас болып, ұйымшылдықтың арқасында қасиетті орынның жан-жағы жасыл желекке бөленіп, жайнап шыға келді. Бүгінде бұл ағаштар қаланың көркіне ерекше ажар беріп тұрғандай.

-Бұл көптен бері ойда жүрген іс еді. Сәті түсіп, мешіттің маңайы көгалдандырылды. Жаңадан отырғызылған ағаштар көп ұзамай жайқалып өсіп, алыстан көзге түсетіні анық,-дейді аталмыш шараға атсалысқан мешіт қызметкерлері.

Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Оған мешіт ұжымының мүмкіншілігі баршылық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77